Өлең, жыр, ақындар

Бір ескерткіш жайында

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 379
Радвилайте Варвара
Дейтін бір сұлу болыпты.
Зигманд Август таң қала
Ғашық боп оны торыпты.
Торыған қызды күшпен бе,
Не болмаса алдап па,
Ізіне аңди түскенде,
Іліктіріпті қармаққа.
Жас сұлуға үйленіп,
Толғанмен Август есесі,
Бұл іске қатты күйзеліп,
Қайғырыпты шешесі.
Себебі, бұдан бұрын да
Бар екен екі әйелі.
Тоты құстай құбылған,
Сымбатты, сұлу, әдемі.
«Үшіншіні тағы алу
Астамшылық емес пе?!»
Деп, кезі тез жоғалу
Жайында кірді кеңеске.
Қайын ене мен келіндер
Ойланды нелер пәлені;
Тұншықтыр, тура, я у бер,
Артында даяр әлегі.
Өлтірудің әлексіз
Таппағанда амалын,
Тәсілі көп қара жүз
Табыла кетті бір залым.
Жоқ енді оған жығылу,
Жетпейді әлі еш күштің.
Сүйкімді Вильнюс, бұрын сен
Күн кешсең жаудан жасқана.
Тасытып ақын сырын сен,
Көркей енді, астана!..

1950



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Пай-пай, шіркін күлуін

  • 0
  • 0

Сіркеге толып тұлымы
Қырық жамау боп жұлығы,
Жалтыраған башпайы,
«Іріңді көз, боқ мұрын»,

Толық

Дауылдан туған

  • 0
  • 0

Ол дауылда туды да,
Дауылда қақты қанатты.
Сескене ме дауылдан
Дауылдай күшті талапты.

Толық

Самарқан

  • 0
  • 0

Ордасы бүкіл Орта Азияның
Қордасы нелер қымбат қазынаның,
Тоттанбас сап-алтындай Самарқанды,
Жеткізді коммунизм жазына кім?

Толық

Қарап көріңіз