Өлең, жыр, ақындар

Көңілім

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1567
Көңілім, мұнша қамықтың,
Әр нәрсені ойға сап.
Не нәрседен тарықтың?
Осыншама ойда қап.
Бірақ саған кінә жоқ,
Heгe бүйттің деуге де,
Есеп жетпес тіпті көп
Қасірет-қайғы кеудеде.
Мақсатыңды іздеген,
Таба алмадың, жетпедің,
Қылышын алып кезенген
Кедейліктен өтпедің.
Нашарлық байлап қолыңды,
Жібермеді отыр, деп,
Оппа қар ғып жолыңды,
Ниеті жоқ кетірмек.
Енді қайда барасың,
Босатпаса нашарлық.
Білімді қайдан аласың,
Әлемге үлгі шашарлық.
Қой, сен бүйтіп қамықпа,
Ілгері ұмтыл, талап ет,
Шығуға айдай жарыққа,
Қайраттанып, бол өжет!..

1917



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызыл бұрыш

  • 0
  • 0

Майда жұмсақ жел ессе,
Желпілдейді туырлық,
Сықырлайды ырғалып,
Керегелер буылдық.

Толық

Денсаулық жайы

  • 0
  • 0

Күн сылбыраң, жердің жүзі іріп тұр,
Қарлы жаңбыр бетке аралас ұрып тұр.
Ауыл үйлер шошалада, күн суық,
Жел де азынап аш қасқырдай ұлып түр.

Толық

Сүт заводы

  • 0
  • 0

Мәз-мәйрам боп, қарқ-қарқ күліп қатындар,
Шуласады: «Жылдамырақ тартыңдар!»
Күр-күр етіп зырылдайды доңғалақ,
Күлімдейді өңкей «нашар-пақырлар».

Толық

Қарап көріңіз