Өлең, жыр, ақындар

Альбом

Альбом
Жап-жаңа ғана, таң еді ғой, ә? Таң еді!
Ағараңдаған аспанға мынау таң едім.
Жап-жаңа ғана, кекілін оңға қайырған,
Күн шуағына сығырайған сол бала едім.

Жап-жаңа ғана, жүр еді Әкем жетектеп,
Қалмайтын Ақтөс соңымнан, көзі мөлтектеп.
Тәй-тәйі қандай, шәй-пайы қандай Анамның,
Әлдиі қандай, ұйықтататын өбектеп.

Жап-жаңа ғана, түлегі болдым мектептің,
Жап-жаңа ғана жұмысты бастап, ептеппін.
Жап-жас сұлуды алақаныма қондырып,
Ер жеткенімді жап-жаңа ғана, сезбеппін.

Жап-жаңа ғана, Анамды көрдім, ақ самай.
Әкемді отыр есіне алып, аңсап ай!
Азайды парақ, қорқамын соңын көруге,
Альбомды осы жап-жаңа ашқан, жапсам ай!
Ержан Қабышұлы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар