Өлең, жыр, ақындар

Қызыл бұрыш

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 526
Майда жұмсақ жел ессе,
Желпілдейді туырлық,
Сықырлайды ырғалып,
Керегелер буылдық.
Керегемен тербеліп,
Желбірейді қызыл ту,
Үй іші толған жалба жең,
Кейі күбір, кейі шу.
Газет, журнал жайылған,
Үймелеген оқушы...
Жалықпашы, қарағым,
Оқушы, інім, оқышы!..
Қызылбұрыш қызарып,
Үй Ішіне өң берсе,
Сен сықылды сәбиді,
Жігіттерге теңгерсе,—
Гүлдене түспек сонда өмір»
Соған ұмтыл, қарағым
Бұл бұрышта ержетсең,
Жаныма ертіп аламын.
Менің бауырым мың-мың сан,
Бірақ көбі қараңғы,
Кеудеге сана құймаққа
Жұмсап жүрмін қаламды.
Ленин бабаң бастаған
Келешектер сенікі.
Тез адам бол, қарақтар,
Сендер әлем сән-көркі!..

1926



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Вильнюс

  • 0
  • 0

Сан ғасыр бұрын кеп түскен,
Балтықтың бойын сағалап
Қаланы, жолдас Шимкуспен
Келер күн кеттік аралап.

Толық

Қырғызда

  • 0
  • 0

Дүниеге «қазақ» боп басқалы адым,
Араласа бірге өстім саған қаным.
Бірге көштім, үйімді қатар тіктім,
Бірге жайлап оттады баққан малым.

Толық

Лена

  • 0
  • 0

Әлдеқайда, қараңғы бір бұрышта,
Жақында емес, сонау Қиыр-Шығыста...
Еңбек еткен, мыңдаған жұрт бар еді,
Күн-түн демей жүретұғын жұмыста.

Толық

Қарап көріңіз