Өлең, жыр, ақындар

Жамбасыма жайлы тиді қай тақтай

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 324
Жамбасыма жайлы тиді қай тақтай,
жан-дүнием жаншылады жай таппай,
Тұз көгеріп жарыта алмай жатқанда,
күз де келіп қалғаны ма байқатпай!
Не бітіре қойдым дейін? Не тынды?
Айтам енді елге де не бетімді?
Әлі күнге аяқталған түгім жоқ,
таяп қалған секілді ме екінді!
Қарап тұрсам —
үркер өшіп,
Ай да ауған,
не шығады өзімді өзім қайраудан.
Алақанын жаяды қыр әлі де,
құтылмадым баяғы бір байлаудан.
Келді деймін кемеліне...
келді күн,
енді, деймін,
өзіме өзім...
ендігің...
білсеңші, деп,
қойған болам біресе,
кімге қарап отырғанын ел бүгін!
Қыл мойынды қиып түскен құрықтан
құтыла алмай жүргенімді кім ұққан.
Зымыраумен өтіп жатыр күндер тек,
менің мұнда бар-жоғымды ұмытқан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен — тойып кекіретін едің

  • 0
  • 0

Сен — тойып кекіретін едің,
мен — тоңып секіретін едім.
Сен — алқына беретін едің.
мен — тартына көнетін едім.

Толық

Дау

  • 0
  • 0

Айналамды қоршаған, қаумалаған
ағайынның барлығы жау ма маған?!—
Ақ сөйлесем болғаны, адал айтып,
айықпас бір алапес дауға қалам.

Толық

Арланның ажалы

  • 0
  • 0

Айнала атағымен дүрілдеткен,
Ит еді ол бар өмірі қырында өткен.
Даң-дұңға есі шыға аласұрып,
Аңшының айтағынан бұрын кеткен.

Толық

Қарап көріңіз