Өлең, жыр, ақындар

Сен — тойып кекіретін едің

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 417
1
Сен — тойып кекіретін едің,
мен — тоңып секіретін едім.
Сен — алқына беретін едің.
мен — тартына көнетін едім.
Өр сөйлеп, өктемси бердің,
мен — кері кеткенси бердім.
Сен, шырақ, әлі де кимелей бердің,
мен — шыдап,
бәріне үндемей көндім...
Сен — басына бердің,
Мен — ашына бердім.

2
Ақыры келіп шекістік,
біраз жерге кетістік.

3
Сенің сенгенің ептілігің еді,
Менің сенгенім — тектілігім еді.
Сен тамыр-таныстарыңа сендің,
Мен — бойымда намыс барына сендім.
Бұқтырам дедің,
бұқпадым.
Ықтырам дедің,
ықпадым.
Арамызды ашуды әлекпен бастадың,
Мен — әдептен аспадым.
Билігіңді айтып белдене бердің,
Мен — әлдене бердім.

4
Сен — дәрежелі "тағыңа" сендің,
Мен — бармақтай бағыма сендім.
Сен — алдап-арбайтыныңа сендің
Мен — жерде қалмайтыныма сендім.
Әлі де арбасып келесің,
Жаға, жеңіме жармасып келесің.
Сен — тоғышар түсінігіңе сендің
Мен — кісілігіме сендім.

5
Сен — айлаңның барыңа сендің,
Мен — арыма сендім.
Сен — әкім едің.
Мен — ақын едім!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір ініге

  • 0
  • 0

Қарағым-ай,
соншама сен кім едің?
Қитығыма тимеші енді менің!
Жақпай бара жатыр-ау айналаңа

Толық

Түнгі телефон

  • 0
  • 0

Іздеп тауып ақыры өзің мені,
түн ішінде телефон безілдеді.
Үнің баяу естіліп аржақтағы.
ашуың да, аптығың сезілмеді.

Толық

Арланын арыстанның қырғиы ілген

  • 0
  • 0

Арланын арыстанның қырғиы ілген
аңшыдай әңгіме айтып тілді үйірген
отыр ем топ ішінде жарқылдап тек,
тиісті ол арпылдап кеп бір бүйірден.

Толық

Қарап көріңіз