Өлең, жыр, ақындар

Арланның ажалы

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 349
Айнала атағымен дүрілдеткен,
Ит еді ол бар өмірі қырында өткен.
Даң-дұңға есі шыға аласұрып,
Аңшының айтағынан бұрын кеткен.
Тарығып көріп еді бұрын неден?
Арсылдап, қалшылдап та дірілдеген.
Ауылдың сақшысындай саңқ-саңқ етіп,
Саңқылдап түнде көзін бір ілмеген.
Күш-қуат тасып тұрған шағында өктем,
Аңырап аң соңында адырды өткен.
Айбарлы арлан еді, ит басымен,
Айнала өзін жұртқа қадірлеткен.
Арс етіп, аңдымаған елді іргеден,
Көз сатып, арзан асқа телмірмеген,
Қолда өскен күшігінен арлан еді,
Иттікке ит те болса жеңдірмеген!
Зымырап, зулап ағып өтті күндер
Жанардан өшірді екен отты кімдер?
Әйтеуір қартайды арлан,
Қалды атақ та,
Қызулы, қызық дәурен жоқ бүгіндер.
Ардақтап, шықпайды алып ешкім аңға,
Бұрынғы қуат та жоқ сес қыларға,
Басынан баяғы күн бір-бір ұшып,
Жатады тіреп тастап төсті қарға.
Ит еді-ау асып туған артық текті,
Тұратын сұсы қандай шарпып бетті!
...Ақырғы күшін бойға жиып бір түн,
Қарды іреп – қырға қарай тартып кетті.
Алаңдап бас бұрмастан бір дыбысқа,
Қарамай кім жазықты, кім дұрыс та.
Тоғайда топ қасқырға кездесіп қап,
Соңғы рет қанды майдан кірді ұрысқа.
Азулар қарш-қарш етіп небір өткір,
Азынай сарнап кетті еңіреп қыр.
Қалың қар қызыл-жоса қанға айналып,
Жүндей-ақ түтеленіп төңірек тұр.
Арсылдап аңдып бәрі желке тұсты,
Сарт та сұрт сартылдата серпе тісті!
Айқасқан ата жаулар осы жолы
Өліспей беріспеуге серт етісті.
Өн-бойда ақты-ау қан мен тер селдеп те,
Қансырап, солқылдады кең шерлі өкпе,
Ажалға таба болмай, арлан, шіркін,
Шықты ма бір шайқасып өлсем деп те!
Болмаса балақтан ап шәуілдескен,
Көп итке күйінде ме ауылда өскен,
Армансыз ақырғы рет бір шайқасып,
Тандырып кетпек пе еді жауын да естен?!
Алқынып...бірде жанып, бір өшті үміт,
Бой бермей бөрілер де сіресті ұлып,
Әйтеуір көпке дейін жатты ауылға,
Арланның арс-арс еткен үні естіліп,
Көзіне қан құйылып, жас тұна ма?
Өлімге байлап па еді басты мына?
...Таңертең көрді халық: тынып мәңгі,
Жатты арлан бір қасқырды астына ала!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалықтырды бәрі де

  • 0
  • 0

Жалықтырды бәрі де,
барлығы да —
үмітімді ұзатып таң нұрына,
жауар бұлттай түнеріп,

Толық

Кісінің кешпейтін ем пенделігін

  • 0
  • 0

Кісінің кешпейтін ем пенделігін,
күмілжіп отырғаным мен де бүгін,—
бар аймақ осы күні ірі тұтқан,
қарайлап көңіліне төрдегінің.

Толық

Әрнеге еміндіріп, елеңдетіп

  • 0
  • 0

Әрнеге еміндіріп, елеңдетіп,
бара ма боқ дүние менен де өтіп,—
қашан бір төрт құбылам болды бүтін,
шықпады-ау, соңғы үмітім,

Толық

Қарап көріңіз