Өлең, жыр, ақындар

Скифтер

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 588
Геродоттың аңызы,
Жетелейді сан-саққа.
Аңыз бірақ елдікі
Айналмайтын жаңсаққа,
Геракльдың әйгілі
Жоғалыпты күлігі.
Іздеп оны сабылып,
Шайқалыпты тұнығы.
Жетсе дағы Гилейге
Таба алмапты ұрыны.
Иесі боп Гилейдің
Бір мақұлық жайлапты,
Әйел басты ол неме,
Найзағайды шайнапты,
Жылан екен бөкесі,
Соншалықты айбатты,
Ал Геракль жасынан
Батыр еді қайратты,
Одан көзі таймапты.
Жылан - әйел дегенмен,
Пайдаланып тылсымын,
Жеңе алмапты Геракль
Тағдырының қырсығын,
Қанша амал етсе де
Ұғына алмай қыр-сырын,
Мақұлыққа бағынып,
Сақтапты жан шымшығын.
Бірге тұрып екеуі
Өмір кешті тұшымды.
Жылан - әйел әкелді,
Дүниеге үш ұлды.
Ең кенжесі ақылды,
Оғлан екен пішімді.
Скиф деген осы екен,
Көтертпейтін мысыңды.
Ишпакайды скифтер,
Патшамыз деп атаған
Соғыспенен ол дағы
Талай жерді отаған.
Патша Ишпакай өлген соң,
Тақ қалғанда атадан,
Партатуа ие боп,
Көгеріпті от аман.
Қалған дейді бұдан соң
Елдің ұстап байрағын,
Бағындырып алыпты
Кіші Азия аймағын,
Кіріп аңыз дерекке,
Осы жырды сыйладым,
Атей патша тағы да
Сайлап сардар, сайманын,
Мына жағы Қап тауы
Салған дейді ойранын.
Осылайша Скифтер
Қанат жайып, көктепті,
Гректермен соғысып,
Терін де аз төкпепті.
Көп кешікпей гректер
Етін отқа қақтаған
Мына дала сөйлесе
Әруақтар қаптаған,
Олар да әсте өмірде
Бір тыныштық таппаған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қожа Ахмет Иасауи

  • 0
  • 0

Нұры жауған Алланың
Әзіреті Сұлтаным,
Мүшірікке бас болған,
Ұлы Пірім, сұнқарым

Толық

Қасірет түндер

  • 0
  • 0

Қасірет түндер,
Жүрегімді жаныштап басып өттіңдер,
Мен емес бірақ өмірден жасып өттім дер.
Бұлағынан бақыттың дәмелендіріп,

Толық

Жауды жаңбыр терезені сабалап

  • 0
  • 0

Жауды жаңбыр терезені сабалап,
Сен отырдың мені даттап, табалап.
Қыстырылып шешең дағы қапталдан
Тырналайды жүрегімді жаралап.

Толық

Қарап көріңіз