Өлең, жыр, ақындар

Жауды жаңбыр терезені сабалап

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 549
Жауды жаңбыр терезені сабалап,
Сен отырдың мені даттап, табалап.
Қыстырылып шешең дағы қапталдан
Тырналайды жүрегімді жаралап.
Ұрды жаңбыр,
Терезені жылатты.
Өшірдің-ау сен мендегі шырақты.
Көзіңдегі өшпенділік оттары
Саған деген сезімімді құлатты.
Өз дегенін істеп ашу талайғы,
Тұманданды сезім-әйнек, қарайды.
Жылы жаңбыр терезені шертіп тұр,
Ал көңілде қаңтар қары борайды.
Жауды жаңбыр,
Алыстады аралық,
Құтханамда суық үрей жаланып.
Кеттім шығып,
Ештеңеден хабарсыз,
Балам қалды тәтті ұйқыға оранып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кетбұға

  • 0
  • 0

«Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Кетбұғадай билерден
Кеңес сұрар күн қайда?»

Толық

Саған артар ініңде тегі мін жоқ

  • 0
  • 0

Саған артар ініңде тегі мін жоқ,
Қызды көрсең жүресің «келінім» деп.
Ойға-қырға сүйреген он жыл бұрын,
Өртеп кеткен секілді желігімді от.

Толық

Жетімсіреген жүзімдер

  • 0
  • 0

Оралып едім қайтадан,
Көп жылдан кейін ауылға.
Жұмыртқа ойды шайқаған,
Кездестім мұңды дауылға.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар