Өлең, жыр, ақындар

Қожа Ахмет Иасауи

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1122
(ХІ ғасырдың екінші жартысында туған)

Нұры жауған Алланың
Әзіреті Сұлтаным,
Мүшірікке бас болған,
Ұлы Пірім, сұнқарым
Көзін ашқан жәһілдің
«Дафтар сәни» - нұр таңым
Түркістанның тұмары,
Сахауатты іңкәрім.
«Меккеде бар Мұхаммед,
Түркістанда Қожа Ахмет»,
Деп айтады ел бүгін.
Дүниенің сақтаған,
Қожа Ахмет теңдігін,
Арыстан баб әулие
Аманаты тапсырған,
Терге көміп терлігін.

Әлқиса, Мұхаммед пайғамбар Түркістанда Әзіреті Сұлтанның туылатынын күні бұрын біліп отырыпты. Қайтыс боларының алдында сахабаларын жинап, «Түркістанда сондай бір адам дүниеге келеді, оған менің өмірім жетпейді, бірақ сол адамға менің аманатым бар еді. Соны кім тапсырады?» депті. Сонда Арыстан баб тұрып, «Мен тапсырайын» деп, Пайғамбардың аманатын – құрмасын алыпты. Сонымен құрманы Арыстан баб жүздеген жылдар бойы тілінің астында сақтапты. Айтпақшы, Арыстан баб, «Мен аманатты берермін-ау, бірақ оны қалай танимын?» деп сұраған ғой. Пайғамбар, «оған саспаңыз, аманатты балаңыз өзі келіп алады» деп жауап беріпті. Сонымен күндердің күнінде Арыстан бабқа бір бала келіп, «Ата, аманатымды беріңіз» деген екен. Арыстан баб тілінің астындағы құрманы алып беріпті, сөйтсе құрманың құры сүйегі қалған екен. Бала құрма сүйегін алып жүре беріпті. Арыстан
баб, «сонша жыл сақтағанымда, ең болмаса ризалық та білдірмеді-ау» деп ойлап қалыпты. Іле-шала артына бұрылған бала, «Ата, бұл аманаттың бар маңызы Сізде қалды, маған сүйегін ғана бердіңіз ғой» деген екен. Міне, осыдан кейін зиярат ететін ел алдымен Арыстан бабқа түнеп, содан кейін Қожа Ахметтен тілейді екен.

Нұрсұлтанның отаны,
Арқыраған Түркістан,
Иасауи боп әлемге
Жарқыраған Түркістан,
Бұлбұл ұшып бағынан
Бал құлаған, Түркістан,
Жетті біздей ұрпаққа
Салтың аман, Түркістан,
Басын иді бүгінде
Жарты ғалам Түркістан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айналаға отыра қап өренім

  • 0
  • 0

«Айналаға отыра қап өренім,
Жыр оқыдық түніменен» деп едім.
Мырс етті де былай деді бір досым,
«Қараңғы үйде қалай болды өлеңің?»

Толық

Әзіреті Қаратау

  • 0
  • 0

Әзіреті Қаратау
Шаңырағы Тұранның,
Шоқылары ербиген,
Құлағындай құланның,

Толық

Өлеңге ауды бүгін тағы толғағым

  • 0
  • 0

Өлеңге ауды бүгін тағы толғағым,
Өлең еді туғаннан-ақ қорғаным.
Мына заман бетпақ, арсыз, байдікі,
Кедей ақын жырлап өтер ел қамын.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар