Өлең, жыр, ақындар

Басым да мың-дың

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 430
Басым да мың-дың, айналам мың-дың, мың-дыңмын,
Бір кіріп есі, бір шығып жүрген жындыңмын.
Есебін таппай тіршілік деген құрғырдың,
Жібіне жырдың қыл мойынымнан қылғындым.
Басым да быт-шыт, айналам быт-шыт, быт-шытпын,
Шыға да жаздап шықырлап тұрған шықшытпын.
Жылжыттым қалам ақ қағаз бетін қарайтып,
Басына малып көзімнен шыққан сүт-шықтың.
Кеудемнен менің шарығы кемдеу бас қашып,
Лақтым-ай сосын көкжиек көкпен астасып.
Қармайтын титтей бұта да таппай жүйкелеп,
Жүректің орнын кетіпті сұп-сұр тас басып...
Орнында мидың кемеден ауыр қорғасын,
Кездесіп жиі мең-зең де мендей сорға сын.
Күн менен Айдың астында жүрмін әйтеуір,
Пенделерменен,
Өзім де пенде болғасын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маған неге мына қыз амандаспады?

  • 0
  • 0

Маған неге мына қыз амандаспады?
Тазармаған жан ба едім санам қаспағы.
Қиямпұрыс ойларға қайдағы бір
Көңілімнің тап-таза таланды аспаны.

Толық

Балаш апа

  • 0
  • 0

Жетім кемпір бір өзі қой бағатын,
Жетім тамды жеті рет айналатын.
Сырқыраған тізесін шандып байлап,
Күбір-күбір сөйлейтін, ойланатын.

Толық

Түнді кінәла, бәрібір күнді кінәла

  • 0
  • 0

Түнді кінәла, бәрібір күнді кінәла,
Бұл өмірдің қалады сұмдығы ғана.
Ерегіскенде не табам пиғылы жатпен,
Болғаннан соң жүрегі, кіндігі қара.

Толық

Қарап көріңіз