Өлең, жыр, ақындар

Түнді кінәла, бәрібір күнді кінәла

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 432
Түнді кінәла, бәрібір күнді кінәла,
Бұл өмірдің қалады сұмдығы ғана.
Ерегіскенде не табам пиғылы жатпен,
Болғаннан соң жүрегі, кіндігі қара.
Бүгін де үйдің кезекті қызынды лаңы,
Қожайынның тағы да «бұзылды қаны»
Итіне дейін басынып, сирақтан тістеп,
Безеубеттер бүйірден бізін тығады.
Қақталған күнге жаным да терідей еді,
Өмірдің мендік өзгермес өлідей өңі.
Сайқалданған бойжеткен сызданып тұрып,
Сағызын шайнап әйнекке бедірейеді.
Дән емес пе екем суыққа үсіп, өнетін,
Қызық күн қайда, Құдай-ау түсіме енетін?
Олай да бұлай мойынды бұрғызбай әсте
Осы шығар у деген ішіп өлетін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жасында жандым...

  • 0
  • 0

Түн басады еңсені, езгілейді,
Өліараны жын-шайтан кезді дейді.
Бір уыс боп жүрегі дір-дір етіп,
Болашақта болатын сезді үрейді

Толық

Дәл өзіңдей ешкімді сүйгенім жоқ

  • 0
  • 0

Дәл өзіңдей ешкімді сүйгенім жоқ,
Одан бөлек бойымда түйме мін жоқ.
Есігіңнен сығалап, тесігіңнен,
Өзімді-өзім терідей иледім көп.

Толық

Көзін алмай көк аспан гүлді өңірден

  • 0
  • 0

Көзін алмай көк аспан гүлді өңірден,
Біздің жаққа түспейтін түн де бірден.
Түндей тылсым жүрегім бұлқынатын,
Ұқсаймын деп ақыры күнге күлген.

Толық

Қарап көріңіз