Өлең, жыр, ақындар

Айтпашы бірақ ешкімге…

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 294
Жанымды дерттей меңдеп қалсаңшы,
Сарғайған Сары Күз керім.
Еріндеріммен емдеп алсаңшы,
Жүректегі сезім іздерін.

Жасындай, сірә, сөне көрмеші,
Жарқырап тұрып кенеттен.
Ғасырға мына сене бермеші,
Өткен бе өмір електен?

Арман таңыңнан мені көрсеңші,
Жанымды тосын тылсым ғып.
Өмірді бірге келіп өрсеңші,
Саусақтарыңнан мұң сырғып.

Жүректі, шіркін, ойландырайық,
Түнімен көзін ілдірмей.
Алтыбақанды айналдырайық,
Құрбыларыңа білдірмей.

Бір жолда тағдыр түйісе қалсын,
Ғайып боп жаннан ес мүлде,
Еріндеріміз сүйісе салсын,
Айтпашы бірақ ешкімге…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Химиямын

  • 0
  • 0

Кеше мен -
У іштім -
Сен су ішкен кесемен.
Өлмедім, өнбедім -

Толық

Космология немесе ұшқан рухты іздеу

  • 0
  • 0

Таразым - Тұманды Альбион -
Мен түкті аңдамай адастым.
Батыстан гулеген желменен бірге ұшып,
Тұп-тура белінен құшыппын -

Толық

...тіледім...

  • 0
  • 0

Көкірегімде күйі ойнап күдіктің,
Қарқылдаймын қарға құсап мен неге?
Жымиюды һәм күлуді ұмыттым,
Күлдірме де, бүлдірме де, емдеме...

Толық

Қарап көріңіз