Өлең, жыр, ақындар

Химиямын

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 376
Кеше мен -
У іштім -
Сен су ішкен кесемен.
Өлмедім, өнбедім -
Үкімін шығарды пешенем.
Оң заряд емеспін,
Керімін -
Талайлы тағдырдан жерідім.
Сүлдерім сүйретіліп жүргенмен -
Жеті қат жер асты серігім.
Жүректі тырнайды, ұлиды -
Арлан емес, бір қаншық -
Бөрі мұң.
Қыздырып қызғаныш отының -
Көрігін.
Тірі боп жүргенмен -
Өлімін.
Сенсең сен -
Теңізбін толқыны жағада теңселген.
Теңіздің ғұмыры -
Қос қарашығыңдағы -
Тамшымен өлшенген.
Қинадың -
Сондықтан жұмбақпын, химиямын -
Бір жүз төрт элемент топтасып,
Жарылғыш заттарды жинапты -
Толтырып шикілеу - мендегі миға мұң.
Жанымды уран жеп,
Тасындым, теріме сыймадым.
...Әруақ кейпінде жүрсем де -
Мен сені ешкімге қимадым.
Өтінем әлі де кеш емес,
Құш мені -
Құлшынып, сүй жаным!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

4-хат

  • 0
  • 0

Жақындау қиын саған,
Құсадан өлер ішім.
Өзіме тиым салам,
Сен соған сенемісің?

Толық

6-хат

  • 0
  • 0

Сен, я сенбе, күнім, менің сөзіме,
Сенің көзің жүрегімді түйреген.
Ғашық болу арқылы мен өзіңе,
…Өмір сүріп үйренем…

Толық

...тіледім...

  • 0
  • 0

Көкірегімде күйі ойнап күдіктің,
Қарқылдаймын қарға құсап мен неге?
Жымиюды һәм күлуді ұмыттым,
Күлдірме де, бүлдірме де, емдеме...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар