Өлең, жыр, ақындар

Космология немесе ұшқан рухты іздеу

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 305
Таразым - Тұманды Альбион -
Мен түкті аңдамай адастым.
Батыстан гулеген желменен бірге ұшып,
Тұп-тура белінен құшыппын -
Алпауыт ағаштың.
...ғайыптан жоғалған өр рухы,
«Осында екен ғой»
деп қоям Алаштың!
Ысқырған жел тағы жетектеп әкетті жиекке,
(Өн бойым жеп-жеңіл, айналып кеткем бе, сүйекке?)
...мен кенет кейпіне ене қап білместің,
Бүкір - бел, түсініксіз тілде тек сөйлейтін,
Айменен тілдестім.
...уәдеден қажып та кеткен соң, құрғақ тым,
Жиектің еркесі - Ақбалтыр айға мен,
Былай деп тіл қаттым:
«Елші боп келгесін;
Арқалап келдім мен алты Алаш арызын,
Рухымды оятып алам деп
Тоздырдым кеңселер дәлізін.
Қолыңнан келсе егер,
Қазақтың өр рухын қайтару:
Ақмарал, ай бикеш, парызың!»
Ай:
«... тектілік тезіне көнбеген,
Жанының жарасын арзанқол күлкімен емдеген.
Қазақтың рухы астеройд кейпінде ұшып жүр,
Ауа жоқ аймақтың өзінде өлмеген.
Сұлтаны өлтіріп, ұлтаны жерлеген,
Метеорит күйінде ағызып жібердім,
Рухыңды жерге мен!»
...дәл қазір өзіме-өзім жат, бөтенмін,
Өзімді жоғалтып, өзгенің шашбауын көтердім.
Өзімді жоқ қылған өзгенің болмысын өлтіріп,
Өзімді қайтадан табар ма екенмін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір жаққа

  • 0
  • 0

Тұқылындай шала тұтанған шылымның,
Бір өкініш өртеп отыр өзекті.
Өңі неге сұрғылт тартып гүлімнің,
Үнсіз мұңын шағып отыр кезекті.

Толық

Үлбіреген ерніңнен сүйіп кетем!!!

  • 0
  • 0

Жанарынан жұлдыздың үзілген қыз,
Аспан кешіп келеміз ізіңнен біз.
Сіз біз үшін тым қымбат хор қызысыз,
Біз сіз үшін қап-қара тізімненбіз.

Толық

Айтпашы бірақ ешкімге…

  • 0
  • 0

Жанымды дерттей меңдеп қалсаңшы,
Сарғайған Сары Күз керім.
Еріндеріммен емдеп алсаңшы,
Жүректегі сезім іздерін.

Толық

Қарап көріңіз