Өлең, жыр, ақындар

Нәпсі

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 472
Таразыны бұрыннан дәл басатын,
Нәпсі менен қанағат арбасатын.
Өшіккенмен жеңе алмай бірін-бірі,
Ми ішінде күресі жалғасатын.
Қанағатқа болыпты ақыл жақтас,
Нәпсіңізге айтылған ақыл жақпас.
Табансыздық нәпсіні қызықтырса,
Сабыр тежеп барлығын отырды ақбас.
Алыс болып көзіне асыл мұрат,
Қимылдапты нәпсіңіз батымдырақ.
Шырылдатып жұлыпты тұрмас қылып,
Қанағат пен ақылдың басын бұрап.
Нәпсі құрып осылай үстемдігін,
Мақтан қыпты кигенін, ішкендігін.
Бірақ біліп соңында сан соғыпты,
Шыңыраудың түбіне түскендігін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Иман ғана

  • 0
  • 0

Шіріген лас өмірдің ішіндемін,
Адамдар – нәпсіге құл, түсінгенім.
Әдепке келтірем деп ұмтылсам да,
Әлсізбін, жетпейді ғой күшім, демім.

Толық

Тамшыдан тасыған су құралады

  • 0
  • 0

Тамшыдан тасыған су құралады,
Арымның аз емес-ау, күнә-дағы.
Жалғаннан жаман зардап үйір еткен,
Жанымның жазығы мен қыр алабы.

Толық

Басыңа неше түрлі сұрақ берер

  • 0
  • 0

Басыңа неше түрлі сұрақ берер,
Кедейлік – нағыз сынақ, шын-ақ төнер.
Байлық та ер жігітке бір соғады,
Иманын талқыға сап, сынап көрер.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер