Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (21)

Нәпсі аджаһа

Дүние, ойлай берсем, жалған дейді,
Әркімді әлекке тек салған дейді.
Дүниені өле-өлгенше қуып-қуып,
Ауызы аңқиып [құр босқа] қалған дейді.

Толық

Ер деме артында аты қалмағанды

Ер деме артында аты қалмағанды,
"Асыл" деп айтпа, адам алмағанды.
"Халық қамын ойлайды" деп ойламаңдар,
Нәпсі үшін ұят, арды жалмағанды.

Толық

Алты ақынның өмір туралы айтысы

Келтірмес өлімді ойға, нәпсіге ерсең,
Нәпсіге ер емессің, ерік берсең.
Тастайды ара шөлте адастырып,
Алдыңа "әуес" атты қойып көрсең.

Толық

Нәпсіңді атқа мінгізбе

Қалмады ойлай-ойлай басымда ми,
Оянып, көзіңді ашып, есіңді жи.
Ағыздым мен бір бұлақ көзін тауып,
Мес қылып құлағыңды толғанша құй.

Толық

Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған...

Бас көзiмен қарасаң, нәпсi – жалған,
Бiр сұлу қыз сықылды жұрт таңданған.
Анық ақыл көзiмен қарағанда,
Өзiн берер қалыңға ол қызды алған.

Толық

Нәпсі

Таразыны бұрыннан дәл басатын,
Нәпсі менен қанағат арбасатын.
Өшіккенмен жеңе алмай бірін-бірі,
Ми ішінде күресі жалғасатын.

Толық

Нәпсі

Мен сені бір қырыңнан көріп тұрмын:
қолың мен өр кеудеңді жолықтырдым.
Қысылам анаң барлап қарағаннан,
Өзіңді бір көндіру — маған арман.

Толық

Нәпсі

Тоқта жаным есірме,
Тым кетті беріліп фәниге.
Аш көзді, жұмба тағы,
Нәпсіге өтініш ілеспе!

Толық