Өлең, жыр, ақындар

Жанына батты – жайлаудың әрі қашқаны

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 266
Жанына батты – жайлаудың әрі қашқаны,
«Мендей еркесін кімдермен айырбастады?»
Қара жұрт жатты құлазып ұлы келгенде,
Сүреңсіз тіпті, мөп-мөлдір байырғы аспаны.
Тапалды көңіл жер болып жетімсіреген,
Күзгі қар басқан таулардың шетін сіреген.
Сағыныш деген сары иттің қыңсылап ерген,
Зиратқа барып қайтарды бетін сүремен.
Жетелеп атын құлдилап оралды кері,
Томсара қапты монтаны «Боранды» белі.
Су ішіп тұрып тұмадан ақ боз жорғасы,
Кісіней берді: жақсылық жоралғы ма еді?
Көңілді кеулеп өксік мұң өжеленеді,
Ел-жұртын аңсап тұлпарын тежемеп еді.
Сағыныш – салқар, шектеусіз сағымның іші,
Қайғының түбі қай кезде межеленеді?
Елі жоқ жұртқа тап келді қаңырап қалған,
Аталар қайда абыздай аруақтанған?
Жайлауын тастап, амалсыз,
Беталбат жаққа,
Боз атқа мініп, бозбала зарыға аттанған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сымпитып мені шығарды ламбард тағы

  • 0
  • 1

Сымпитып мені шығарды ламбард тағы,
Жолымды кесті сығандар бұраңдап тағы:
«Сатпайсың ба алтын?»
Қояды бір ғана сауал,

Толық

Мұңлы мұхит,

  • 0
  • 1

Мұңлы мұхит,
Түпсіз терең,
Сараң тым,
Шындық еді

Толық

Әулие

  • 0
  • 0

«Сексентауды» жайлаған,
Бастан бағы таймаған.
Тұрыпты бір қария,
Тұрмысты өзі жайлаған.

Толық

Қарап көріңіз