Өлең, жыр, ақындар

Мұңлы мұхит,

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 479
Мұңлы мұхит,
Түпсіз терең,
Сараң тым,
Шындық еді
Түбінде оның бары алтын.
Батқан күнмен шағылысып,
Жойқын су,
Жайлап басып, келе жатты
Арам түн.
Шолпан тумай оянды шал –
Балықшың,
Тартты өзіне
Сиқырымен алып сұм.
Мына таңның ырайынан ататын,
Тұрды байқұс, сыбағасын
Танып шын.
Салды қайық толқындарға тайынбай,
Болатынын бір олжаның пайымдай.
Сексен төрт күн сірестірген сілесін,
Сорлы бастың сорлылығын уайымдай.
Сол шақтарда
Майшабақ та қаптады,
Айпарадай
Айдынды асқақ ақтады.
Сатқа ұрғандай
Мұрынынан шаншылып,
Алай-түлей
Азынады шатқалы.
Міне қазір, толқын айдап, ілбіді,
Жеті Қаттың сырғыды ептеп, түндігі.
Бір бұрышқа жайғасып ап,
Қара шал,
Ойға батып,
Көзін жұмып мүлгіді.
Қалғаны рас
Соңғы кезде басырқып,
Көшіп барад көтеріліп,
Ғасыр түп.
Тереңінен бір күрсінді бейбағың,
Жанарының аясына жас іркіп.
Еһ, шіркін-ай, нені аңсады
Індінім?
Біліп жатыр, бұл жалғанда кімді кім?
Сап есіне түсе қойды:
Мұхитта –
Сөйлеу қате даурығысып,
«Жындымын».
Шарбы бұлттар жөңкіледі
Сырдақтап,
Көктің жүзі күлімдейді
Нұрлы, әппақ.
Көк айдында тербеледі бір ноқат,
Шал жұтынды
Кежір тамақ құрғап қап.
Кенет, қайық, солқ етті де
Бұлқынды,
Қуаныштан шал алдыға
Ұмтылды.
Қылдай арқан ширығады
Білікте,
Зарығып-ақ, күтіп еді бұл күнді.
Байланғантын жіп-жіңішке
Арқан нық,
Танытады мына наһан тарпаңдық.
Шірене кеп тартып еді, пәтшағар,
Бой бермеді,
Сыр бергені қартаңдық.
Білекке орап шіренеді ышқынып,
Белге салды төмендегі сұсты ұғып.
Бұйым көрер түрі жоқ қой, жойыттың,
Жатыр екен бәлеңізде күш тұнып.
Ала қашты
Қайығыңды жаңқадай,
«Көріп едім балығыңды сан талай.
Мынау наһан немең екен ...»
Қайласыз,
Шал отырды
Сауал, зауал
Анталай.
Көк мұхитта
Жалғыз қайық қаңғыған,
Әкелді де құдай оған таңды лаң.
Сол бір шалдың күйін кешіп,
Кейде мен,
Қалың ойдың
Қапасына шандылам.
Қарап тұрсам:
Қасіретті, заң – бұлаң,
Бір ісім жоқ,
Бұ тірлікте мандыған.
Бақ іздеймін деп жүргенде
Білмеппін,
Мініп аппын сол қайыққа
Қаңғыған.
... Жарылқасын тәңір оның алдынан ...



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Қалмады мүлде тамтығым

  • 0
  • 0

Қалмады мүлде тамтығым,
Дал-дұлы шықты арманның.
Қолымнан түсті алтыным,
Дәртесі сынып арбамның.

Толық

Мен мұқалып, мүжілдім де үгілдім

  • 0
  • 0

Мен мұқалып, мүжілдім де үгілдім,
Тас түнекті бұ тірліктен түңілдім.
Опындырды басқа жайттар
Қорықпаймын,

Толық

Түнде – өлімен, күндіз тірі пенделермен тілдесем

  • 0
  • 0

Түнде – өлімен, күндіз тірі пенделермен тілдесем,
Бірде – тірі, бірде – өлікпін. Екі жақты күн кешем.
Мұхаммедтің сұлбасына тәуеп етем түнде ылғи,
Ал, оянсам – қыбарғада тұрар қаңсып Күн көсем.

Толық

Қарап көріңіз