Өлең, жыр, ақындар

Сымпитып мені шығарды ламбард тағы

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 764
Сымпитып мені шығарды ламбард тағы,
Жолымды кесті сығандар бұраңдап тағы:
«Сатпайсың ба алтын?»
Қояды бір ғана сауал,
Сылаңдап сығыр сумақай сыр аңдатпады.
Қайқаңдап қалған әйелдер қысыр жыландай,
Салдақы қарлар бағаны «ұшырды» қандай.
Батпаған шағар ешқашан «Мың бір түндегі»,
Айуандық пенен былыққа Мысыр мынандай.
Қалтарыс жоқ қой сайқалдар сағаламаған,
Аңқаулар менен аңғалды табала надан.
Қолында барда алтынын – қыжалат көрген,
Арзанға берген, қымбатқа бағаламаған.
... Сымпитты мені ламбард қақшып ап бәрін,
Төккендей маған тәңірім жақсылап кәрін.
Ақша ғой жаппай аздырған –
Қоғамды қораш,
Ақ шуақтарым, шашылшы, ақ шуақтарым.
Жүзік те кетті сыйлаған қалыңдық маған,
Нарығың – бетсіз!
Бейшара халіңді ұқпаған.
Алаяқ болсаң – күн кештің.
Қарамдау пиғыл,
Шайтандық жеңіп, қулыққа салындық жаман.
... Шырылдап тұрар тынбай бір зар құсы көктен,
Кеудемді кесел келеді жарғысы көптен.
... Сидиған саусақ – тым жұтаң,
Қарашы, әне!
Әдемі қандай ана иттің қарғысы неткен ...
Байламсыз жалған жалтарды, сыр аңдатпады,
Жолықты жолай біреуі бұраңдап тағы,
Көзімнің жасы: Көсемге – көгеннің басы,
Алтынның бәрі менікі ламбардтағы.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Шырылдама бекерге, шыбын жаным

  • 0
  • 0

Шырылдама бекерге, шыбын жаным,
Керегі жоқ кеудеме тығылғаның.
Сүлдерімді сүйреттің сүріндіріп,
Алып жүрген арқалап жүгің мәлім.

Толық

Еркеле, жаным, жарым

  • 0
  • 1

Еркеле, жаным, жарым,
Сүйкімді қылығыңмен.
Білесің сарын барын,
Жалғасқан ұлы күнмен.

Толық

Мен мұқалып, мүжілдім де үгілдім

  • 0
  • 0

Мен мұқалып, мүжілдім де үгілдім,
Тас түнекті бұ тірліктен түңілдім.
Опындырды басқа жайттар
Қорықпаймын,

Толық

Қарап көріңіз