Өлең, жыр, ақындар

Қоңыр өлең

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 821
Қоңыр өлең,
Қоңыр тірлік,
Қоңыр қыз ...
Ештемені місе тұтпас, обырмыз.
Сезімді де сездіре алмас селт еткен,
Енді қайттік,
Сұңғыла емес, шоғырмыз.
Бар сырымды жүрегімде құндақтап ...
Көкейімде жоқ еді ғой тіл қатпақ.
Сенің нәркес жанарыңа жұтылып,
Ұмтыламын амалсыздан күнге – әппақ.
Қар да бүгін жапалақтап жауады,
Көк тәңірдің маған деген жауабы.
Қоңыр тірлік айналғандай ақ таңға,
Сарқылмайды
ал сананың сауалы ...
Қияли қыз қиялында басқа әлем,
Осыны ұқтым,
Көкейге көз тастап ем.
... Жаппалақтап жауған қардың астында
Кетіп бара жатқандай-ау басқамен ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұлдыздардың арасы мәлім маған

  • 0
  • 0

Жұлдыздардың арасы мәлім маған,
Сол жақтардан көресің тәлімді адам.
Сам жамырай бастайды, мен аттанам,
Қараңғыға сіңемін қалыңдаған.

Толық

Құлақтанып

  • 0
  • 0

Құлақтанып,
Аязға
Күн батады,
Түнде менің жұлдызым тіл қатады.

Толық

Тесік-тесік жүрегім, тентіредім

  • 0
  • 0

Тесік-тесік жүрегім, тентіредім,
Көшіп-қонған қаңбақтай еркін едім.
Еркімді алды
Үкімін кесті-дағы,

Толық

Қарап көріңіз