Өлең, жыр, ақындар

Тесік-тесік жүрегім, тентіредім

  • 14.02.2021
  • 0
  • 0
  • 719
Тесік-тесік жүрегім, тентіредім,
Көшіп-қонған қаңбақтай еркін едім.
Еркімді алды
Үкімін кесті-дағы,
Маңдайымды тасқа ұрып,
Ең тірегім.
Қайдан маған үйірсің,
Өлең-күйік?
Талай жерде таяқ жеп,
Келем күйіп.
Жүрегімді неге осал жаратты екен?
Көрмейтінді басқалар көрем биік.
Көз жасымды көл-көсір шыра етемін,
Неге ұқпайды?!
Тағдырым – жыр екенін.
Бұйымшылай құдайдан келгенімде,
Қалай ғана
Өмірден құр өтемін?
Талай түндер теңселіп, тызығамын,
Жүздесемін жандармен жүзі қалың.
Қалжыраған кезімде қаламымнан,
Шырт ұйқыңа – қапысыз,
Қызығамын.
Өлең мені бәрінен оқшаулады,
Өзегімде
Өшпейтін от саулады.
Көкірекпен жүргенде жер айырып,
Басым қалды байланып,
Боп саудалы.
Еркелеттім, әлімше асқақтаттым,
Жаздырмадың жырымды, жасқап бақтың.
Үш-төрт жылдай өлеңнен алыс кетіп,
Қаламымды қолымнан тастап бақтым.
Ашымады жаның сәл,
Қолдамадың,
Жазбаса деп тіледің, ол да – мәлім.
Жындануға шақ қалып,
Қараөткелдің,
Дауылындай дойыр бір долданамын.
Қара құстай ұшсам деп, қомданамын,
Қасірет пен қайғыға «қоңданамын».
Өз уынан өзі өлер шаяндаймын,
Өзі келген өлеңге болды обалым.
Тесік-тесік жүрегім,
Тентіредім,
Көшіп-қонған қаңбақтай еркін едім.
Өлең менің – өмірім,
Өлтірмесең,
Содан ғана табылар –
Дертім ...
Емім ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегіме мұң енді

  • 0
  • 0

Жүрегіме мұң енді,
Жанарыма сағалаған.
Миығыңнан күл енді,
Сағынышым табалаған.

Толық

Періште ме едің ақ арман?

  • 0
  • 0

Періште ме едің ақ арман?
Тұлғаңды көріп таң қалам?
Маңдайың керім ағарған,
Жаныңды тозаң шалмаған.

Толық

Шынжыр қағып дізесін

  • 0
  • 0

Шынжыр қағып дізесін
Білектегі,
Жүре алмады,
Бишік те түк өтпеді.

Толық

Қарап көріңіз