Өлең, жыр, ақындар

Құлақтанып

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 301
Құлақтанып,
Аязға
Күн батады,
Түнде менің жұлдызым тіл қатады.
Азаптанған таусылып,
Күні бойы,
Жаным байқұс,
Жұмаққа шым батады.
Ұйықтамаймын,
Ділгірмін шарапатқа,
Болып біттім мүжіліп,
Қара қатпа.
Жұлдыз төксе сәулесін шым-шым ғана,
Дәру,
Шипа!
Кеудемде жарақатқа.
Тіл қатады жұлдызым,
Жымияды,
Шапағаты төбемнен құйылады.
Ада-күде бәрінен арыламын,
Жер бетінің жоғалып,
Зымияны.
Түскендеймін бұлауға,
Жайланамын,
Жеп-жеңілмін,
Әуеде
Айналамын.
Көтермейді бауырын барақы түн,
Тас қараңғы келбеті
Айналаның.
Қараңғылық,
Мен сенен жәннат таптым,
Құлаш ұрып,
Қойныңа қанат қақтым.
Бекер босқа бір күндік жарық үшін,
Пендешілік
Пәниде далақтаппын.
«Ғашық шығар, жұлдызым, жүзіңе Күн?..»
Барып-барып,
Жете алмай,
Сүзілемін.
... Тәмсілдікке тәнті етіп,
Таңға жақын,
Өзім де бір жұлдыз боп,
Үзілемін ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еңкіш тартқан, ал самайы саркідір

  • 0
  • 0

Еңкіш тартқан, ал самайы саркідір,
Қияңқылау қариямыз бар-ды бір.
Салдырлаған дашай арба көлігі,
Аты ерғашты болып біткен, шал – қыңыр.

Толық

Сиқыршы

  • 0
  • 1

«Цирк келді Мәскеуден!»
Жарнамалар,
Билет, билет.
Әрине, барған алар.

Толық

Отарды айдап келеміз

  • 0
  • 1

Отарды айдап келеміз,
Сағым дала ...
Ұмыт болған жайдарман шағым мана.
Кеберзіді

Толық

Қарап көріңіз