Өлең, жыр, ақындар

Бірінші тыныс

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 484
Сыбағамнан қалдырмапсың – шылқыдым,
Уайыммен өтіп жатыр күн-түнім.
Айшалық боп көктем, күзде айбынам,
Тірлігімді түсінеді кім, күнім?
Топанымыз толып бітті татаға,
Ессіз жүрек, мейірімге қатала.
Талай сақал бет сипады үйге кеп,
Тоқтамады бақ-дәулет те батаға.
Сорлап жүр ғой сорға біткен зығырдан,
Алғау түсті көңіліме қыжылдан.
Дәуірімді айналдырдың басқа етіп,
Қоғам – бөтен, адам – басқа: БҰЗЫЛҒАН



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көш

  • 0
  • 0

Гүл көмкерді қырларды, бел-белесті,
Көкпен бірге дүркіреп төл де өсті.
Келді дағы жомарт жаз жадыраған,
Жайлау жаққа асығыс ел де көшті.

Толық

Өмірде көп көкбеттігі көкбеттің

  • 0
  • 1

Өмірде көп көкбеттігі көкбеттің,
Зұлымдықтар мәуе жайды, көктеп тым.
Бәрі соның ауанында, амалсыз,
Көрді дейсің қарсы тұрып, тектеп кім?

Толық

Белгісіз менің аужайым

  • 0
  • 0

Белгісіз менің аужайым,
Тірлігім бар ғой шап-шағын.
Ұстамай өлең шаужайын,
Жеткізбес маған бақ-сағым.

Толық

Қарап көріңіз