Өлең, жыр, ақындар

Жезқазған. 1997

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 371
Қош енді, қала, көшеңді кезем соңғы рет,
Қара тас тұғыр-көсемді көрем соңғы рет.
Жанары жаздың тамшыға тұнар мөлдіреп,
Қолында достың бал-сыра тұрар мөлдіреп.
Тілегін соңғы тауысып, аһ ұрар ол жүдеп.
Қош енді, қала, кеселді-кесір көктем бұл,
Көшейін елге қауышып қамшыл көппен-дүр.
Кеудемді кезіп көксеу, мұң, кешу, кептер-жыр,
Кеңгірдің ерке толқыны сынды көктеңбіл,
Жанымды менің жатсынбай ұғар тек Кеңгір.
Қош, енді қала, көк түтін туың желкілдеп,
Шығарып салдың ұлыңның емдеп дертін көп.
Жұртыма қарап жылағым келеді еңкілдеп,
Өксімесең де серіңді сертшіл сен тілдеп,
Жоқтарсың ертең кеткенде Кеңгір көл кірлеп.
Қош енді, қала, ортайды жастық қырманы,
Еңкейді от Күн төбемде ұзақ тұрмады.
Қызарып батқан Күнді орап түннің құндағы,
Жездінің көгін жезтырнақ-ымырт тырнады.
Қош енді, қала, өкініш екен бұл-дағы...
13.04.1998.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құс қайтару

  • 0
  • 0

Құстар қайтып барады Құс жолында,
Құштар көңіл дір қаққан қыс торында.
Көшпелі жұрт көшпейді енді ешқашан,
Мызғып жатар мыңжылдық қыстағында.

Толық

Елес

  • 0
  • 0

Кеше түнде айрылмас бір дос таптым:
Аты — Елес,
заты — Сендік сағыныш.
Мұнартады мұңлы түсті қоштап түн,

Толық

Метаморфоза

  • 0
  • 0

Мен жыладым.
Жаңғырық та аһ ұрды,
Тау қойнауын тасқын сезім сапырды.
Мен күрсіндім — ішін тартып қара үңгір,

Толық

Қарап көріңіз