Өлең, жыр, ақындар

Метаморфоза

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 344
Мен жыладым.
Жаңғырық та аһ ұрды,
Тау қойнауын тасқын сезім сапырды.
Мен күрсіндім — ішін тартып қара үңгір,
уылжыды уілдеген самал бір.
Сыңсығанда сылдыр етіп көк бұлақ,
Тыншығанда сыбдыр етіп шөп-құрақ.
Еркеледім — емен жайды етегін,
Күркіреп ем, көбең қайғы
көк өрім гүл көзінен аунап түсті мөлт етіп,
Мен жамылған жасыл шалғын — көрпе-құт
сарғайды ол да, сағынғанда мен сізді.
Ессіз дала сол күндері елсіз-ді,
Момын мұңды көк мүйізбен жел сүзді.
Мені сүзді бір арам күш оңдырмай,
Көңіліме көбіктей мұң қондырмай
жүр едіңіз.
Іс жасадым тым артық,
Сағым құсап сезім кетті мұнартып,
Шағым жасап сөкпедіңіз кінә артып,
Тек ренішті тағып жүрсіз тұмар қып...
Содан бастап айналамды күз басты,
Шың-қабақтар сыртын беріп сыздасты.
Нәзік гүлдер күлмей маған қылымсып,
Қобыз-қурай күй төгеді ыңырсып.
Сізде жүрген белгісіндей өкпенің —
Күз боп менің күңіренуде көктемім.
Күңіреніп кеп көрсем кеше сол маңды,
Мені танып дімкәс дөңдер долданды:
Табиғат та тағылықтан шаршаған,
Аңырап құр қаңырап тұр барша маң.
Көл кемерін сор жалапты аямай,
Сіз екеуіміз сейіл құрар саяжай
сұрқы қашып, сүлгі басып, мұң жайлап,
Өрмекші-өсек торлап апты аямай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тоқырауын Балқашқа құймады

  • 0
  • 0

Тұнық басы — Қайдауыл-Шеруке-ді,
Тымық демін құм-қырман шөл іркеді.
Тоқырауын неше жыл тасымай кеп,
Биыл сойқан салад деп ел үркеді.

Толық

Бір арудың атынан

  • 0
  • 0

Көктемнің желегі желбіреп
күлгенде қалаға келген ем.
Ол мені күтпеді келді деп,
Өз балаң едім ғой мен деген.

Толық

Жауырыншы

  • 0
  • 0

Жаныма мен туғаннан серік болған,
Тұсыма қайда көшсем, келіп қонған.
Бір елес қыр соңымнан қалмай қойды
Ерте-кеш елегізтіп ерікті алған.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар