Өлең, жыр, ақындар

Бір кісі

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 479
Құйрығын бұтқа тығып ап,
Маңқ етіп үрді қырт төбет.
Зарланып қайда ұлымақ —
Ұлығанды ұғар жұрт керек.
Ымырттан туған қара кіс,
Түн мынау мылқау түнексіп.
Үзілермен боп тарамыс,
Сыңқ етті іштен бір өксіп.
Қырқаға қарай сырғыды,
Дәрмені қашып санадан,
Күркенің күшік тұрғыны
Қалтырай қорқып даладан.
Түнекке көзін қарытты,
Алыстан аңдап ауылды.
Ақтық рет сүйіп жарықты,
Арс етті — жүрек жарылды!
Қажыған жүрек қалт тынып,
Сылқ етті жерге талақ тән.
Түн жатыр көзін тарс жұмып,
О-дағы өз мұңын шала ұққан.
Неге кеп өмір, неге өтті?!
Алдың — тар, жалған, артың — зар.
Осылай өлмек керек-ті,
Жұртта қап кеткен қаңқулар...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жезқазған. Қола дәуірі

  • 0
  • 0

Қара жердің қарт тәніне үңілдім,
Көктегі Күн әулиеге сыйындым.
Жер астында көне қола дәуірі,
Күн астында өркениет дауылы.

Толық

Құба белде қалмағанда гүл-ажар

  • 0
  • 0

Құба белде қалмағанда гүл-ажар,
көрден қашып Қорқыт ата пірәдар
тұрақ таппай кезген еді жалғанды,
тек алдынан шыға берген көр мәңгі.

Толық

Тақуа

  • 0
  • 0

Фәниден таппай бәтуа,
Бақиға кеткен сан сұрақ.
Соларды жазсам хатыма,
Моладан қайта аршып ап.

Толық

Қарап көріңіз