Өлең, жыр, ақындар

Құба белде қалмағанда гүл-ажар

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 393
«Жазам деген жыр ма еді азанама?!.»
Ғалым Жайлыбай.

1.
Құба белде қалмағанда гүл-ажар,
көрден қашып Қорқыт ата пірәдар
тұрақ таппай кезген еді жалғанды,
тек алдынан шыға берген көр мәңгі.
Жер жұтатын асқақ асыл арманды,
жел жұтатып қалың қара орманды,
Қара жердің қабырғасын сөктіріп,
Қаралы елдің зәбір-жасын төктіріп,
Кімді алмаған, кімді алмаған сұм ажал!
2.
Гүл-өңірдің төгілгенде жасы көп,
Сұм жалғаннан Асан қайғы қашып ед.
Жерұйығын арта алмай нарына,
көр-иірім жұтты оны тағы да.
Тұншығар ел тағдыр толқындарына,
Бар тірлігі қалып артында адыра.
Қалың аспан қабақ түйіп қабарған,
қалың қайғы қан ақтарып жанардан,
Кім зарламас, кім зарламас қасірет!
3.
Нұр-әлемнің сарқылғанда бұлағы,
құба белдің қырқылғанда құрағы,
қара жерді көктің сеңі жасырып,
сіз де кетіп қалдыңыз-ау асығып.
Көкірегін қыздырса да жас үміт,
Қойнына мұң, мойнына ажал асылып,
мәңгілікке әкеткенін аңғардым,
бірақ аршыл, ақ жүректі жандардың,
тек пейіште, тек пейіште тұрағы!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балқаш балладасы

  • 0
  • 0

Жағаға келіп толқындар сүйіп кемерді,
Лықсиды кейін бұдан да таппай бір ләззат.
Құмдауыт жерді жек көріп кетеді ол енді,
Жаралы жанын жайсыздау мұңы тырналап.

Толық

Қазақстан...

  • 0
  • 0

Әлдиімен жанымды тербететін,
Жүрегінен сел болып шер кететін.
Сен басқасың мен үшін, Қазақ елі,
Қазақия – о, менің Мемлекетім!

Толық

Жамшы. Ұрыңқай тауы

  • 0
  • 0

Ей, қазақ, есіңде ме, ежелгі жыр,
Жыр сынды жылап аққан өзен ғұмыр?
Іргеге Ораң, Қайдай* дұшпан ел кеп,
Сұр жебе адырнада кезеулі дүр.

Толық

Қарап көріңіз