Өлең, жыр, ақындар

Қайыршы

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 383
Базарда қолында шырылдап жылаған нәрестесі бар қайыршы келіншекті көрдім. Ол өзін аяй түссін деп, елге байқатпай, анда-санда баласын шымшып жылатып қояды...

Мен кеше көрдім сұп-суық өңін тірліктің,
Безеріп беті, көзінің нұры суалып,
Қарайды маған.
О, оның сұсы сұмдық тым.
Мен күлем оны ыза ғып.
Қарайды ол.
Жансыз жанары көрдей ызғарлы,
Аяздың аңқып зәһары.
Ол менің тұнық тіршілігімді қызғанды,
Жанына қамсыз жайбарақаттығым батады.
Күндейді сосын, теріс айналып қыстығып,
Кеудесін ауыр зіл басып, мені жек көре.
Күрсіне жаздап, ішімнен үнсіз ышқынып,
Жылыстай берем тымырсық қамап өкпеме.
Сосын мен оны алмастан мүлде есіме,
Жыл кешіп кетем, жүректен жырдың оты ұшып.
Әй, бірақ кімді мұқаттым?
Неге? Несіне?
Несіне күлдім жетісіп!
Мендегі сезім ат басын қайта бұрады,
Артымда қалған өмірге базар-былапыт.
Қайыршы тірлік «ая» деп күтіп тұрады,
Сәбиін шымшып жылатып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктемді сағыну

  • 0
  • 0

«Көктем, мен сені сүймейтін болдым...»
Бағдат Мүбәрәкұлы.
Арылғалы қанша жыл бір әдеттен –
Сезім суып кеткен-ді сірә, көптен.

Толық

Абақты. Декабрист

  • 0
  • 0

Құбыла бетті қан жапты,
Күн екен сөнген өртеніп.
Көктегі анау шаңдақты
қызыл нұр барад көмкеріп.

Толық

Шайтан ағаш

  • 0
  • 0

“Қара да беріш қайың боп” қаттым,
нала-сырды еміп желегім.
Сазды жер сор боп, уайым-батпақтың
жағасында өніп келемін.

Толық

Қарап көріңіз