Өлең, жыр, ақындар

Шайтан ағаш

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 434
“Қара да беріш қайың боп” қаттым,
нала-сырды еміп желегім.
Сазды жер сор боп, уайым-батпақтың
жағасында өніп келемін.
Сары да жалқын жалғыз Күн қақтап,
Аңқа кептірген аңызақ.
Сабырдан сарай салғыздың, батпақ,
Бізге енді достың бәрі жат.
Түнек те тұл түн жұтап, тарыға,
қап-қара өңі жерге еніп,
өксісе — сидаң бұтақтарыма
түнейді перілер келіп.
Төріне көшсе тірі ұлыс көрдің,
Сор түртсе сесіне кіріп.
Іргесін қымтап ібілістердің,
Мен келем өсіп — өкініп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тоқырауын Балқашқа құймады

  • 0
  • 0

Тұнық басы — Қайдауыл-Шеруке-ді,
Тымық демін құм-қырман шөл іркеді.
Тоқырауын неше жыл тасымай кеп,
Биыл сойқан салад деп ел үркеді.

Толық

Ауыл кеші

  • 0
  • 0

Күрсінеді қарт емен қажып-шіріп,
Сылаңдайды сұлу қыз нәзік шыбық.
Қайың қыздар қысқартып көйлектерін,
Бар төңірек көреді көреді бой жеткенін.

Толық

Міскін

  • 0
  • 0

Шайқы-бұрқы дуана боп кетерміз,
Күйкі тірлік күйреткенде бізді әбден.
Шірік жапырақ шашуымен төпер күз,
Жүрегіңде соңғы жырың қызғанмен.

Толық

Қарап көріңіз