Өлең, жыр, ақындар

Көктемді сағыну

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 692
«Көктем, мен сені сүймейтін болдым...»
Бағдат Мүбәрәкұлы.
Арылғалы қанша жыл бір әдеттен –
Сезім суып кеткен-ді сірә, көптен.
Күздігүні кеудемді әуреледі,
Қыз ғұмыры секілді бұла көктем.
Қыз ғұмыры тәрізді көктем, шырақ,
Мені сырттан жүрген бе көптен сынап?!
Бір күні кеп сыздатты жүрегімді,
Назды мұң да соңынан жеткен шұбап.
Назира мұң, назды күн, назым жаңбыр,
Жақұт төгіп жаныма жазылған жыр.
Жұпарымен демімді жиілетті,
Алқа қылып мойнына тағынған гүл.
Ұмытқалы неше жыл ғашық жырын,
Иыққа сап тірліктің тасып жүгін.
Махаббатсыз өткердім бір ғасырды,
Жалған сынды сол өткен ғасыр бүгін.
Жалған екен өткен сол жүз жылдығым,
Үмітімнің үздігіп үздім жібін.
Қыз ғұмырлы көктеммен табыстырған,
Мен сүйемін күлтелі күздің күнін!
Күздей күңгірт елеспіз елге біздер,
Көктемгі күн – көңілде сөнген іздер.
Күзді сүйіп, көктемді сағынатын,
Бағдат өтірік айтады, сенбеңіздер!..

***
Ойымнан кетпей нұрлы жанарыңыз,
Ерекше мұңға толып барады күз.
Кездейсоқ ұшырасып қалғаннан соң,
Ойлаудан жоқ-ау басқа амалымыз.
Соншалық сиқыр сазды есіміңіз,
Сүйінсем сыртыңыздан, кешіріңіз.
Мендегі бар сезімді әлдилеген,
Кеудемнің күймесінің көшірі - күз.
Тұп-тұнық жанарыңыз түнмен егіз,
Жайдары жамалыңыз гүлмен егіз.
Түн кешіп, гүлге ынтығып келе берсем,
Ерігіп, елес қуып жүр демеңіз.
Жап-жарық нұрлы күндей дидарыңыз,
Мен Сізді жиі ойлаймын, иланыңыз.
Сезімді көктемеде ұмытқан соң,
Жүрекке төтенше мұң сыйлады күз.
Мұңлы күз,
Жүрекке жыр құйылған күз.
Қосылмас, жақындамас қиырлармыз.
Сағына жыр жазғаннан басқа амал жоқ,
Бағына басқа жанның бұйырған қыз...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күзгі хат

  • 0
  • 0

Жапырағын қайыңның жел ұрлайды,
Күздің өңі өзгеше:
Өмір. Қайғы.
Жас қайыңнан жұлынған жапырақ кеп,

Толық

Балқаш, Балқаш, көл кеудеңе мұз қатты

  • 0
  • 0

Балқаш, Балқаш, көл кеудеңе мұз қатты,
Суық күз кеп, сынық тісін сыздатты.
Шағалалар шарқ ұрады төсіңде,
Қара талдар қалтырады кешіңде.

Толық

Жауырыншы

  • 0
  • 0

Жаныма мен туғаннан серік болған,
Тұсыма қайда көшсем, келіп қонған.
Бір елес қыр соңымнан қалмай қойды
Ерте-кеш елегізтіп ерікті алған.

Толық

Қарап көріңіз