Өлең, жыр, ақындар

Күзгі хат

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 871
Жапырағын қайыңның жел ұрлайды,
Күздің өңі өзгеше:
Өмір. Қайғы.
Жас қайыңнан жұлынған жапырақ кеп,
Көк теректің ығына дамылдайды.
Жел тінтеді тоғайдың етек-төсін,
Жеткізердей сызданып жат өкпесін.
Жас қайыңнан жұлынған жапырақты,
Жел қуалап аулаққа әкетпесін.
Жапырақ-жыр жазып ем саған арнап,
Қайыңмын деп көктейтін далаға орнап.
(Далаға орнап күз жатыр нала қамдап).
Өзегімнен үзілген жапырақ-жыр
Саған кетті, ұшырмай көр амалдап.
Мен қайың деп, ал сені көк терек деп,
Теңеп көрдім өзімше ептеп-ептеп.
Жапырақ — жыр, сезімің жел шығар деп,
Өлеңімді лақтырмашы өкпелеп кеп...
1997.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күпірлік

  • 0
  • 0

Сен өлген күні —
Жек көрер жұрттың күн-түні теңелген күні —
Ақтамақ ару отырар алқымнан алып,
Қыпша бір белін қынаған кемер белдігі.

Толық

Көне жырдың сілемі

  • 0
  • 0

“Қарқара бөрік кигенім,
Қайыңсап садақ игенім.
Қай жерде отыр жәудіреп,
Қарақат көзді сүйгенім?

Толық

Өзіме

  • 0
  • 0

Ей, ақеділ ақындары Қарағандының!
Қайсыңды табам қарбалас қаладан бүгін?
Кеудеңе тығып жүрмісің елге көрсетпей,
Алланың көктен ерекше тараған нұрын!

Толық

Қарап көріңіз