Өлең, жыр, ақындар

Алтуайт

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 312
Нартымен өртей салып мұң-қапаны,
Тұсынан Алтуайттың Күн батады.
Ымыртта күнбатыстан көшкен сәуле,
Маған бар көне шерді жырлатады.
Тұсынан Алтуайттың батады Күн,
Шалғайын алау шарпып шапанының.
Сәуленің түнге сіңген сілемімен,
Ай жаққа ұшып бара жатады үнім.
Алтуайт — аты жұмбақ жоталы қыр,
Баурынан күнде боздар боталы нұр.
О-дағы көкке ұмсынып қатып қалған,
Басына бермеген соң опа ғұмыр.
Ол ғашық көктегі Айға, мен де ғашық,
Күн семер соны сезіп, белден асып.
Қол жетпес қияларға көңіл сермеп,
Екеуміз қалғанбыз ғой жерде жасып.
Алтуайт.
Аты жұмбақ, заты жұмбақ,
(Атыңда аяулы әнге жақын ырғақ).
Ақыры Айға жетпес арманыңмен,
Сен шөгіп келесің-ау ақырындап.
Сен сіңіп кетесің-ау жерге мүлде,
Келместей, оралмастай енді өмірге!
Мен де ұшып, Айды құшып жоғалармын,
Тұсыңнан тағы бір Күн сөнгенінде.
Алтуайт...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күзгі хат

  • 0
  • 0

Жапырағын қайыңның жел ұрлайды,
Күздің өңі өзгеше:
Өмір. Қайғы.
Жас қайыңнан жұлынған жапырақ кеп,

Толық

Қазақстан...

  • 0
  • 0

Әлдиімен жанымды тербететін,
Жүрегінен сел болып шер кететін.
Сен басқасың мен үшін, Қазақ елі,
Қазақия – о, менің Мемлекетім!

Толық

Бір кісі

  • 0
  • 0

Құйрығын бұтқа тығып ап,
Маңқ етіп үрді қырт төбет.
Зарланып қайда ұлымақ —
Ұлығанды ұғар жұрт керек.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар