Өлең, жыр, ақындар

Ұйқысыз түннің өлеңі

  • 23.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1364
Жарық жоқ. Ұйқы қашқаны...
Ауыр түс қалды жадымда.
Сағаттың тық­тық басқаны,
Зарлап тұр жалғыз маңымда.
Әйелдей пыш­пыш жинайсың,
Көрген түс... миға сыймайсың.
Тірліктің тышқан жортағы,
Сен неге мені қинайсың?
Сырласар не гәп болды өзге,
Шенеу ме, әлде бос сөз бе?
Не себеп ойды қозғауға,
Шақырдың ба, әлде болжау ма?
Ұғудан күдер үзбеймін,
Мен сенен мағына іздеймін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ескерткішім ініме

  • 0
  • 0

Тақап қалды сексенге менің жасым,
Жүзге апарар деп жүрмін тегім асыл.
Әттең, дүние­ай, өмірден інім өтіп,
Есік пен төр көрсетті шебін ғасыр.

Толық

Ағалар үшін президентке алғысым

  • 0
  • 1

Ақиқат ажары ашылды,
Әділдік шалқыған күн жетті.
Құлшындық бір сілкіп ғасырды,
Құртуға кертартпа індетті.

Толық

Сәлем бердік Шоқанға

  • 0
  • 0

Лүпілін жүрек түсінді,
Тосқандай алда мол мұра.
Сан көрме бірге ұсынды
Бабалар өскен Омбыда.

Толық

Қарап көріңіз