Өлең, жыр, ақындар

Сәлем бердік Шоқанға

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 575
Лүпілін жүрек түсінді,
Тосқандай алда мол мұра.
Сан көрме бірге ұсынды
Бабалар өскен Омбыда.
Ақ парыз алып келгендей
Ертісте құтты қалаға;
Сағынып сәлем бергендей
Бас идік Шоқан данаға.
Көкірек қайтсін нұрланбай,
Өрбіді көңіл дауылы.
Қасымда бірге тұрғандай
Мен өскен Шоқан ауылы.
Алдында тағзым еткенім,
Төкті ғой жастай нұрын көп.
Көрініп тұрды мектебім,
Елестеп көзге Сырымбет.
Көңілге шаттық толды да,
Толқытты бей­жай тұрғызбай.
Көкшеде туып, Омбыда
Жарқ еткен сөнбес жұлдыздай!
Жеңіске іздеп мың тетік,
Мыңменен жалғыз жарысқан.
Оқыған жерін түрлентіп,
Қасқайып отыр данышпан.
Бір көруді расында
Армандап жүрдім жете алмай.
Көп тұрдық мүсін қасында,
Омбыға тастап кете алмай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бибігүл ән салғанда

  • 0
  • 0

Сыңғырлап бұлақ аққандай,
Кербез ән толқып сырғыды.
Жүрекке шырақ жаққандай,
Сайрады қазақ бұлбұлы.

Толық

Ашық сыр

  • 0
  • 0

Қыздарға өлең көп арнадым жасымда,
Іңкәр болдым жер бетінде асылға.
«Жезкиікті» бар қазаққа паш етіп,
Белгі орнаттым кешегі өткен ғасырға.

Толық

Еркеғалидың монологы

  • 0
  • 0

Жер құтты біздер жаралған,
Тел өстім дала желімен.
Аққуға қарап таранған
Ән тердім Балқаш көлінен.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар