Өлең, жыр, ақындар

Осы жұрт Шарбақкөлді біле ме екен?

  • 23.11.2020
  • 0
  • 0
  • 798
Сұлу жер Омбыдағы Шарбақкөлім,
Сәт сапар бір көруге арнап та едім.
Мың алғыс атақты інім Жәнібекке,
Ойымды тапты әдейілеп бармақ менің.
Ұқсаған Құлагерге құба тайдың,
Сыры көп біздер естіп­білген жайдың.
Өйткені осы ауданда туған жері
Нар тұлға Шаяхметов Жұмабайдың.
Шұрқырап Шарбақкөлде құлын жүрек,
Ойланды атамекен нұрын тілеп.
Ақыры Омбыдан кеп төрге жетті
Қазақтан шыққан көсем бірінші рет.
Сапарым туды сәтті Айым жарық,
Жұлдызым жарқырады анық жанып.
Табыстым Кемеңгеров Қошке ағамен,
Осы жер туған Фазыл Кәрібжанов.
Мақтаса Фазекеңді Қарағанды,
Ұлы жер қазақтанды, жаңаланды.
Ұлтжанды асыл тұлға ерте кетіп,
Жүрегім кенші күнде жараланды.
Ақ қайың, қарағайлы, көркем жерді,
Ұшырған қанат байлап өңкей ерді,
Осы жұрт Шарбақкөлді біле ме екен,
Жебеген Жұмабай, Фазыл, Қошкелерді?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өкініш пен көрініс

  • 0
  • 0

Сұм ажал!
Қалай алдың Төлешімді?!
Көз жасым қысып кетті­ау өңешімді.
Жаныма сырқат батып жатыр едім,

Толық

Қазақтану тірегі

  • 0
  • 0

Асылын сыйлау ұлтымның –
Тұғыры берік ғұрпымның.
Кәрібжанов Фазылды
Еске алуды ұмтылдым.

Толық

Ұзарады күн ертең торғай адым

  • 0
  • 0

Ұзарады күн ертең торғай адым,
Оранамын мен неге ойға қалың?
Жырдың көбін жүруші ем түнде жазып,
Енді таңнан сәт күтті ойлағаным.

Толық

Қарап көріңіз