Өлең, жыр, ақындар

Өкініш пен көрініс

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 268
(Төлеген Досмағамбетовке)

Сұм ажал!
Қалай алдың Төлешімді?!
Көз жасым қысып кетті­ау өңешімді.
Жаныма сырқат батып жатыр едім,
Отырмын жинай алмай мен есімді.
Қолы ұста, ойы қызық білім кені,
Мүсіннің Бонапарты, ірім еді.
Туғандай бір анадан тату сыйлас,
Қасымда жүрген арыс інім еді.
Ол салған ғажайып қой бейнелері,
Сонымен биіктеп тұр ел беделі.
Шоқаны Көкшетауда құлшынып тұр,
Қанышты Алматыда бейнеледі.
Тізбеймін көз жасымен бар еңбегін,
Ерлер көп, ұмытқан жоқ әйел тегін.
«Максфельд Мадоннасы» дүр сілкінтіп,
Аз емес оны білген әлемдегі үн.
Мүсінші дана туған бай талабы,
Әр ісі Төлешпін деп жар салады.
Астана көріктенсе, қонақтарды
Көпірде қос жолбарыс қарсы алады.
Елорда бас алаңы төріндегі,
Не деген таңғажайып өмір еді!
Бір бала көп фонтандар арасында
Кішкентай Төлеш болып көрінеді.
Жалаңаш тұрған бала нағыз қайсар,
Көзге күш, көңілге сеп анықты айтар.
Төлешті сағынғанда сол мүсінді
Көруге үнсіз ғана барып қайтам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Қазақ елі» – ерен-ғайып мұнара

  • 0
  • 0

Зәулім­заңғар мұнара – ел айғағы,
Елорданы ерекше аралайды.
«Самұрық­-Ана» аспанға қанат жайса,
Ұшқан құс та бас иіп қарайлады.

Толық

Карузосы көкшенің

  • 0
  • 0

Ақан сері, Біржан салдың ізімен
Ән салғанда нұр шашатын жүзінен.
Толғанатын, тебіренетін, балқитын,
Кездескендей төрде хордың қызымен.

Толық

Бәйкен аға бүгінгі

  • 0
  • 0

Әр қадамы салмақты,
Тарихқа таңба басқандай.
Бәйкен аға ардақты,
Өзгерген жоқ ешқандай.

Толық

Қарап көріңіз