Өлең, жыр, ақындар

Ұзарады күн ертең торғай адым

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 236
Ұзарады күн ертең торғай адым,
Оранамын мен неге ойға қалың?
Жырдың көбін жүруші ем түнде жазып,
Енді таңнан сәт күтті ойлағаным.
Осы күнде қашып жүр ұйқы менен,
Оятады тым ерте сиқыр өлең.
Шығар күннің жылуы жеткені ме,
Қызық екен келгені бүйтіп өлең.
Түн қысқарса, аулақпын өкініштен,
Өзгеріске көнгішпін, етім піскен.
Жас кезімде түн серік, енді бүгін
Ерте оянып, жолығам татымды іспен.
Ұзарады күн ертең торғай адым,
Қозғалады көкіректе толған ағын.
Торғай адым түзелсең кешегіден,
Жырым, саған сәт тілеп қол қоямын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кездессе оқыс қуаныш

  • 0
  • 0

Кездессе оқыс қуаныш,
Жетелеп бақыт жол бастар.
Жұлдыздай жанған тым алыс,
Аңсатқан арман көз тастар.

Толық

Гагарин жайлы хикая

  • 0
  • 0

«Гагарин ұшты!
Ғарышпен даңқы ұласты!» –
Деген сөзге Мырзағұл қарсыласты.
«Шайтан ісі, шіп­шикі өтірік», – деп

Толық

Өмір жолым – менің үлкен байлығым

  • 0
  • 0

Өмір жолым – менің үлкен байлығым,
Көз ашқалы көкіректі жарды мұң.
Күлкім кейде көрінеді өзіме
Жыртығындай шапанының жарлының.

Толық

Қарап көріңіз