Өлең, жыр, ақындар

Күз дегенің...

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 542
Жерге түскен жемістер, солған гүлім.
Айтып жатыр,бір мезгіл болғандығын.
Көңілшектеу жапырақ тез сарғайып,
Сабырлысы сездірмес тоңғандығын.

Жиі-жиі бұлт бізге жуықтайды.
Көлге бала жүзуге құнықпайды.
Жылтыр сөзі секілді кейбіреудің,
Көрінгенмен күн көзі,жылытпайды.

Сағынышты есіңе сала жүрер,
Сарғаюдың азабын дала білер.
Жәндік біткен тығылад жер қойнына,
Қайтқан құс пен қалған құс-бәрі әбігер....

Мезгіл осы дыбысын білдірмеген,
Одан ешкім қашуға үлгермеген.
Күз - солғындау бояудың жиынтығы,
Күз дегенің - шертпе күй, күмбірлеген!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сынар жері

  • 0
  • 0

Табиғатың солай ғой, еңселісің,
(Сырттай сені елемей елітеді ішім)
Ат арытып ауылға келгеніңде,
Елестеттің ғашықтық ертегісін.

Толық

Уақыт - керуен

  • 0
  • 0

Аяулы бір жан көкжиек жақтан,
Құшағын маған жаятын.
Алыста бір тау ұмытпай мені,
Көз қырын салып қоятын.

Толық

Қар жауғанда

  • 0
  • 0

Жоқ енді ашық күн де, жасыл бақ та,
Асық боп жапыраққа асылмаққа,
Қарбалас жауып жатыр ақ ұлпа қар,
Сенің жүрген ізіңді жасырмақ па?!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер