Өлең, жыр, ақындар

Сынар жері

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 182
Табиғатың солай ғой, еңселісің,
(Сырттай сені елемей елітеді ішім)
Ат арытып ауылға келгеніңде,
Елестеттің ғашықтық ертегісін.

Амандастым қол беріп дедім іштей,
«сен бақытты шығарсың ең кемінде»
Төрт қауырсын қаламдай саусақтарым,
Қап қойды саусағыңның шеңгелінде.

Сағынышқа айналған сырды ақтардың,
Мұң ұялап көзіңнің қыйығына.
Бойым сұңғақ деуші едім төбем әрең,
Теңесіп тұрғандай ма ыйығыңа?!

Бара жатты нәзік боп сырың мүлде,
Сүйінуге бола ма күйінуге?
Ійілмесең жақсы еді,мынау тұлға,
Жаралмаған қыздарға ійілуге!

Қалды артта көктемім,күз алдымда,
Аласарар жері бар құзардың да.
Мың күн сынбас болаттың сынар жері,
Жігіттің сыр шертуі қыз алдында,
Жігіттің мұң шағуы қыз алдында!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаралмапсың

  • 0
  • 0

Сағыныш пен өкінішті өңгеріп,
Келе жатқам ой меңдетіп сенделіп.
Жұбатпады мені арзан шаттықтар,
Жаралмапсың жұбатуға сен келіп.

Толық

Жол шетінде күте көрме

  • 0
  • 0

Жол шетінде күте көрме,
Жолдың шеті ызғырық.
Қандай азап жолға қарау,
Көзің талып үздігіп.

Толық

Өзіне шексіз тартатын қайың

  • 0
  • 0

Өзіне шексіз тартатын қайың,
Қайтатын едім жыр тыңдап.
Оспанқан әзіл айтатындайын,
Күлетін бұлақ сылқылдап.

Толық

Қарап көріңіз