Өлең, жыр, ақындар

Хат жазып тұр…

  • 10.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2442
Бар болғаны:
татар малай Нұримен
Екі жылдай көрші тұрдым бір үйде.
Бар болғаны:
жұрт қатарлы күнелтіп,
Диктант жазсақ, ұқсас қате жібердік.
Бар болғаны:
Бір партада отырып,
Екі жылдан екпінді бол оқыдық.
Бар болғаны:
Бірге бардың киноға,
Мен сияқты отырмайтын үйде о да.
Бар болғаны:
барсам, әни жырғайтын,
Пәрәмішпен, бәлішпен* де сыйлайтын.
Бар болғаны:
менің апам Нұр келсе,
«Қазы же!» деп, қиылатын өлгенше…
Бар болғаны:
сатып алып әр қолдан,
Жаңа марка алмасушы ек альбомнан.
Бар болғаны:
ешкім бермей жеңістік,
Футбол үшін, Пеле үшін керістік.
Бар болғаны:
Тек шахматтан ол ұтып,
Сан бұртидым, бостығымды ұмытып……
Әуреге сап, бізге үйренген баланы,
Екібастұзға үйі көшіп барады.
Ұзатқалы келдім, міне, перронға,
Әни солда,
Нұри, міне, оң қолда.
Қайта-қайта қысты Нұри қолымды:
Жанарынан неге моншақ көрінді!
Қандай ток кеп шымшып өтті жүректі,
Қоңыраудан кейін
неге шым етті?!..
– Хат жазып тұр, хат жазып тұр, Нұриім!
Біле білсең, біздің үй де – бір үйің…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күн тоқыған кілем

  • 0
  • 0

Күн
Кілем тоқиды,
Нұрмен тоқиды,
Гүлмен тоқиды.

Толық

Түс

  • 0
  • 0

Түсіне қомағайдың ет кіреді.
Түсінде қыран бүркіт көк тіледі.
Түсінде орманшының тоғай түлеп,
Ұстаздың қанаттанар көп түлегі...

Толық

Бар қазақ балаларын қалай баққан?

  • 0
  • 0

Осы жұрт неге айтады пайда еместі,
Қымбат қой көнермейтін қайран ескі!
Бесікте көзін ашқан күйкі болса,
Кәдімгі Қажымұқан қайдан есті?!

Толық

Қарап көріңіз