Өлең, жыр, ақындар

Әйел

  • 04.07.2020
  • 0
  • 0
  • 908
Әйел,
Атың марапатқа кенде емес,
Бола аласың еріңе де, елге де ес.
Өзің жаққан шаңырақтың шаттығы
Дауыл тұрып,
Қан жауса да сөнбеді еш.
Әйел деген атың сенің жылылық,
өмір өзі сенен көп сыр жүр ұғып.
Бәрі саған қарайтындай
Күн жаққа
Күнбағыстар қарағандай бұрылып.
Күлкің сенің Күн нұрындай шуақты,
Жасампаздық тек өзіңнен ту апты.
Қажет болса биіксің сен бәрінен,
Қажет болса өзіңнен жоқ қуатты.
Әйел, атың марапатқа кенде емес,
Бере алмайсың өз жолыңды пендеге еш.
Сен өсірген бәйтерегін ешкім де
Дүниеде еш бәйтерекке тең демес.
Шаңыраққа сен арқылы құт кіріп
Көркейерін келеді өмір ұқтырып.
Сені ылғи пір тұтады сондықтан,
Саған бәрі бас иеді тік тұрып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зейнептің киіз үйі

  • 0
  • 0

Ән салдырған Тастемір мен Досатқа
көрік қосып осы атқа,
Маңғыстауда, он саусағы өнер күйін төгілткен
бір келіншек тұрады екен Қошақта,

Толық

Толғау

  • 0
  • 0

Талпынған салайын деп жыр шаһарың
қызымын Абаң керей Нұрсапаның.
Дем беріп қасиетті Маңғыстауым,
басталды сенде өмірге шын сапарым,

Толық

Қазақтың келіндері

  • 0
  • 0

«Ерке бала», «Кішкентай», «Мырза жігіт»
дейді жеңге қайнысын ырза қылып.
Инабат пен ықылас астарынан
жанға жайлы ерекше бір наз ұғып.

Толық

Қарап көріңіз