Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың келіндері

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 581
«Ерке бала», «Кішкентай», «Мырза жігіт»
дейді жеңге қайнысын ырза қылып.
Инабат пен ықылас астарынан
жанға жайлы ерекше бір наз ұғып.
Әзілдесе тыңдайды қайынды ұйып,
сыр айтады қыз, жігіт жайында үйіп.
Жақын одан жаны жоқ, өбектейді,
бар тәттісін ұсына шайын құйып.
Тайсақтайтын болмайды айла, амалы,
кішік жанға бірінші айналады.
Кірпігімен көздерін көлеңкелеп,
жолын кеспей өткізіп қайнағаны,
«Көсе аға» деп, болса егер сақал қырған,
талайларды күлкіге шашалдырған.
Күйеуінің есімін ауызға алмай,
«өзіміздің үйдегі» атандырған.
Түскен жерін шаттыққа қарық қылған
оларға өмір сын күйін сан ұқтырған:
қабағынан атаның сыр ұқтырып
емеурінін ененің таныттырған.
Түйіп ішке жақын кім, алысың кім,
бола білген жоқшысы намысыңның.
Келі түйіп, құрт жайып, күбі пісіп,
оң қолына айналған абысынның.
Инабатты ту еткен түсінікпен
бабын тауып бәрінің, кісі күткен.
Қызықтарын іздеген қиындықтан,
кісілікті іздеген кішіліктен.
Адаспастан салулы сара жолдан.
қайыспаған толғанша балаға ордаң,
Ат қойғыш сол қазақтың келіндері
Ару қыз да, Ардақты ана болған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тамара!

  • 0
  • 0

Тамара Асар дейді оны халқы,
Өзі әсем, халқына қымбат нарқы.
Дүниеге келген аңғал көңіл менен,
Шарықтап,

Толық

Жар сөзі

  • 0
  • 0

Қайтемін мен, сен үшін жылаймын ба,
қатар жүзген аққу ек бір айдында.
Басқа жері жоқ па еді, неге ғана
кездестірді біздерді құдай мұнда?!

Толық

Жамал апа

  • 0
  • 0

Сөз етер жұрт санасынан тысқары,
қызық болып кімді,кімнің құшқаны,
Өсектепті бір әйелді заманда
әмеңгерлік заңы елде күшті әлі.

Толық

Қарап көріңіз