Өлең, жыр, ақындар

Сұмдық оқиға

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1014
(Бүгiнгi күннiң ертегiсi)

Болды сұмдық оқиға,
Расында,
Естiген соң шыдап сен
Тұрасың ба?
Көршi ауылда биылғы
Оқу жылы
Қалып қойған бiр бала
Класында.
«Сұмдық екен, мұнысы,
Барайын мен,
Сəтi түссе тiлдесiп
Қалайын мен.
Көптен берi көрген де,
Бiлген де емен,
Қалып қойған класта
Баланы мен...»
Елге хабар тез тарап
Кеткен екен,
Желөкпенiң бiразы
Жеткен екен.
Көруге оны кезекке
Тұрып жатыр:
«Бұл бiр сұмдық оқиға
Неткен?» – деген.
Мұндай бала екiншi
Таба алар ма,
Таңсық көрiп келдi көп
Балалар да.
Биыл бармақ оқуға
Кенжелерiн
Қорқытпаққа əкептi
Аналар да.
Дəрiгерлер аспабын
Жатыр қойып,
Тексермекшi ретi
Ақыл-ойын.
Əлгi оқушы үйiнен
Шықпай отыр,
Бүкiл ауыл түсiрген
Абыройын.
Адамдай-ақ кəдiмгi
Есi бардай,
Ол баланың ұялған
Несiн алған?..
Бəрiмiздi əуре етiп,
Дүрлiктiрiп,
Класына келесi
Көшiп алмай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақытжанның амалы

  • 0
  • 0

Жүргенде ойын деп,
Ашқан ғой қарыны,
Бақытжан жейiн деп,
Алды уыс тарыны.

Толық

Қызғаныш

  • 0
  • 0

«Айналайын бала», – деп,
Мақтайды анам Асанды.
«Өзiңдей ғой, қара, – деп, –
Не тiршiлiк жасайды.

Толық

Болар едім чемпион

  • 0
  • 0

Спорттың бар түрiнен
Чемпион да боламын.
Штанга ма,
Мұны мен

Толық

Қарап көріңіз