Өлең, жыр, ақындар

Жалқаулық

Жалқаулық

Не істеп жүрмін, неғылған адам едім?
Өз-өзімді аяймын жаман жерім.
Қолды сілтеп жатамын айға қарап,
Бір талайға жетседе шамам менің.

Жалқаулығым тұрғанмен жолды бөгеп,
Қимылдауға табылмас онды себеп.
Ертең, ертең дейімінде құтыламын,
Ертең маған келердей соңғы көмек.

Уақыт шіркін бірдей боп өтетіндей,
Есінеймін ғажайып күтетіндей.
Күнтізбеден бос күнді қарап қоям,
Барлық шаруа сол күні бітетіндей.

Мың ойланып жатқанда баспай қадам,
Секілденед(і) жұмыстар аздай маған.
Көресіңдер бір күні ерінбесем,
Бұл әлемді өзгертіп тастай салам!

©️ Сәдуақасова Ғайникамал



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз