Өлең, жыр, ақындар

Менің тілім

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2652
Менің тілім – мәртебесі асқан тіл,
Мыңжылдықтан тамыр алған дастан жыр.
Алдаспандай қиып түсер жүзімен,
Анталаған жаудың мысын басқан тіл.
Менің тілім – көш бастаған көсем тіл,
Болашаққа ұрпақпенен өсер тіл.
Өйткені ол Төле, Қазыбек, Әйтеке,
Даналардан бізге жеткен шешен тіл.
Менің тілім – Абай, Сәкен, Мұхтар тіл,
Ғалам сырын, заман мұңын ұққан тіл.
Бабалардың көзіндей ол кешегі,
Әр сөзінде кие менен құт бар тіл.
Менің тілім – Сүйінбай мен Жамбыл тіл,
Айтыстағы алтын діңгек, даңғыл жыр.
Менің тілім – ұлттығымның айғағы,
Елдігіңді, ерлігіңді ән ғып жүр.
Менің тілім – Махамбеттің қылышы,
Құлагер-жыр Ілиястың тынысы.
Бабалардың ұрпағына қалдырған,
Байлығы мен береке-бақ, ырысы.
Менің тілім – асау толқын Мағжан тіл,
Өлең болып төгілетін маржан кіл.
Алаш туын көтергенде арыстар,
Ұлт ұранын қаныменен жазған тіл.
Менің тілім – Мұқағали, Қасым тіл,
Найзағайдай жарқылдаған жасын тіл.
Момышұлы, Смаханұлы секілді,
Кер заманға имей өткен басын бір.
Менің тілім – аппақ сүті анамның,
Ақ сүтіне мәңгі-бақи адалмын.
Қазақпын деп жар салатын ғаламға,
Менің тілім – аманаты бабамның.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ардақтаймыз ананы

  • 0
  • 3

Ең аяулы жанашыр жан,
Кім бар артық анашымнан.
Күнім сенсің шуақ төккен,
Қымбаттысың бар асылдан.

Толық

Шекербек

  • 0
  • 0

Кіп-кішкентай Шекербек,
Кәмпитті көп сұрайды.
Дастарқанға жетектеп,
Тәтті бер деп жылайды.

Толық

Еркін елдің ұрпағымыз

  • 0
  • 0

Мөлдіреген айдынымыз,
Жарқыраған Ай, Күніміз.
Тәуелсіздік аңсап жеткен,
Ең қастерлі байлығымыз!

Толық

Қарап көріңіз