Өлең, жыр, ақындар

Айтыс

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 9080
Ұл:
Бөгелмейін, жырлаймын,
Өнерімді шыңдаймын.
Домбыраны қолға алдым,
Айтысуға кім дайын?

Қыз:
Өрге қанат сермеймін,
Намысты құр бермеймін.
Тосылмаймын айтыста,
Сайысатын мен деймін.

Ұл:
Гүлдей жүзі жайнаған,
Бұлбұл құстай сайраған.
Қыз балаға халқымыз,
Төрден орын сайлаған.

Қыз:
Айтысам деп талпындың,
Жарқырасын алтын күн.
Талабыңа нұр жауып,
Ақыны бол халқымның.

Ұлдар мен қыздар:
Аттаған сан ғасырды,
Айтыс – өнер асылы.
Суырыпсап айтатын,
Ақынның жыр шашуы.

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен өзім

  • 0
  • 0

Тұра салып тісімді,
Тап-таза етіп тастаймын.
Көбейтем деп күшімді,
Жаттығуды бастаймын.

Толық

Мамандық

  • 0
  • 0

Теміржолшы атам да,
Шығады алыс сапарға.
Сәнді киім тігетін,
Тігінші ғой апам да.

Толық

Күз

  • 0
  • 0

Сары түс бояған бақтарды,
Мезгілде құстар да аттанды.
Туған жер тізіліп көгінде,
Туған елге алғысын ақтарды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар