Өлең, жыр, ақындар

Күз

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1508
Сары түс бояған бақтарды,
Мезгілде құстар да аттанды.
Туған жер тізіліп көгінде,
Туған елге алғысын ақтарды.
Үзілген тал-қайың, дарақтан,
Жапырақ сары алтын жалатқан.
Толтырып береке-ырысын,
Дарxан күз байлығын таратқан.
Балапан шырқатып ізгі әнін,
Жинайды көктемнің күз дәнін.
Қоштасып жазды да қия алмай,
Қыстың да сездірер ызғарын.
Күз келді молшылық, құт дарып,
Күз келді береке жұртқа алып.
Күз келді, жайнаған жаз өтіп,
Шалғында мөлдіреп шық қалып.
* * *
Аптабы басылған,
Сарғайған атырап.
Шашудай шашылған,
Күздегі жапырақ.
Дән толып қамбаға,
Егінді ел жинаған.
Елжіреп паң дала,
Күз жеміс сыйлаған.
Балапан түлетіп,
Құстар да қайтуда.
Алғысын жыр етіп,
Ән қылып айтуда.
Ризамыз күзге де,
Мезгіл бұл – дара атың.
Күн келді бізге де,
Мектепке баратын.
Атауы бұл күздің,
Береке сияқты.
Әр күні бұл күздің,
Мереке сияқты.

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айтыс

  • 0
  • 2

Ортаға сап өнерді,
Тарту етіп өлеңді.
Ақын қыздар қайдасың,
Айтысайық, кел, енді.

Толық

Бәйге

  • 0
  • 0

Тайбурылдай жараған,
Жал-құйрығын тараған,
Жүйріктер тұр тыпыршып,
Арғымаққа балаған.

Толық

Мамандық

  • 0
  • 0

Теміржолшы атам да,
Шығады алыс сапарға.
Сәнді киім тігетін,
Тігінші ғой апам да.

Толық

Қарап көріңіз