Өлең, жыр, ақындар

Мамандық

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 5448
Теміржолшы атам да,
Шығады алыс сапарға.
Сәнді киім тігетін,
Тігінші ғой апам да.
Әкем құрылыс салады,
Көркейтеді қаланы.
Анам менің ұстаз ғой,
Оқытқан бар баланы.
Пайдасы көп елге оның,
Салады ағам ел жолын.
Әпкем менің дәрігер,
Жасайтұғын ем-домын.
Білікті ғой бар маман,
Ұшқыш та бар самғаған.
Инженер мен заңгер бар,
Елге еңбегін арнаған.
Болашаққа жол алдым,
Кемелденіп толамын.
Бір мамандық иесі,
Мен де өскенде боламын.
* * *
Инженер, мұнайшы, дәрігер,
Құрметпен атайды бәрін ел.
Ең ізгі мамандық – ұстаздық,
Біліммен нұр құйған тәлімгер.
Құрылысшы зәулім үй салады,
Аграном тыңайтар даланы.
Журналист ақпарат таратар,
Шахтершы жерден кен алады.
Мүсінші, тігінші, зергер де,
Еңбегін өнермен берді елге.
Әскери маман мен кеденші,
Қорған боп тұрады ел, жерге.
Бар екен сан түрлі мамандық,
Қажет тек біліктік, адалдық.
Ардақтар әр маман иесін,
Ісіне шебер деп тәмам жұрт.

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еркін елдің ұрпағымыз

  • 0
  • 0

Мөлдіреген айдынымыз,
Жарқыраған Ай, Күніміз.
Тәуелсіздік аңсап жеткен,
Ең қастерлі байлығымыз!

Толық

Ақ лақ

  • 0
  • 0

Адасып қалып ақ лақ,
Жылап жүрді маңырап.
Қыдырып сай, белесін,
Тыңдамады ол енесін.

Толық

Жеміс-жидектердің айтысы

  • 0
  • 0

Міне, дархан күз де кеп,
Жеміс берді бізге көп.
Бір күні олар айтысып,
Қалды азырақ сөзге кеп.

Толық

Қарап көріңіз