Өлең, жыр, ақындар

Жетіген туралы аңыз

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 4715
Жетігеннің жеті ішегін мұң алған,
Аты оның жеті әннен құралған.
Жеті ұлынан айырылған қария,
Қайғы жұтып, жеті күйді шығарған.
Бірінші ішек «Қарағым» қарманған,
«Қанат сынар» екінші ішек арман-ән.
Үшінші ішек «Құмарым» деп күйініп,
«От сөнер» деп төртінші ішек зарлаған.
«Бақыт көшті» – бесінші ішек жас толған,
Алтыншы ішек «Күн тұтылды» аспаннан.
Жетіншісін таққан кезде жетеуден,
Айырылыдым деп құса боп күй басталған.
Аңыз бізге тарих сырын шертеді,
Шындық жырын уақыт бірге ертеді.
Халқымыздың ұмытпасақ өткенін,
Туған елдің жарқын болмақ ертеңі.
Аңыз екен бізге жеткен бүгінде,
Әр аңыздың шындық жатыр түбінде.
Халқымыздың қазыналы тарихын,
Біз ұмытпай міндеттіміз білуге.
Жеті ішекпен жеті күйді тыңдатқан,
Тарихында тағылымды сыр жатқан.
Аңыз қайта санамызда жаңғырып,
Ұрпағына ғасырлардан тіл қатқан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыраныңа айналам

  • 0
  • 0

Атырау-Алтай аймағым,
Астанам, сенсің айбарым.
Желбіретемін әлемде,
Қазақтың көк байрағын.

Толық

Еркін елдің ұрпағымыз

  • 0
  • 0

Мөлдіреген айдынымыз,
Жарқыраған Ай, Күніміз.
Тәуелсіздік аңсап жеткен,
Ең қастерлі байлығымыз!

Толық

Данабектің қылығы

  • 0
  • 0

Данабек те кешеден,
Шығарды сөз таласын.
Көрдім деді көшеден,
«Пойыздың мен баласын».

Толық

Қарап көріңіз